15 тапсырма 1-Сүйекті балықтардың табиғаттағы орны


-Дене құрылысы, қызметі, ерекшеліктері



бет2/4
Дата14.12.2021
өлшемі21,46 Kb.
#100394
1   2   3   4
Байланысты:
15 ихтиология

2-Дене құрылысы, қызметі, ерекшеліктері.

Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұғашортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. 

Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болдаы. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және “тірі жұмыртқа туушылық байқалады” Мысалы Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті арп тәрізділері (Сурrinodontidae) және аквариумда өсірет –гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді. Балықтарда гермафродитік өте сирек кездеседі. Бірақ та теңіз алабұғасы нағыз гермафридит болып саналады . Алабұғаның жүрегі үш камералы. Вена қолтығы мен жүрекше, қарынша жатады.Қан айналу жүйесі тұйық.Бір қан айналу шеңбері болады. Желбезекте қан тотығады.Нағыз сүйекті балықтарда төрт жұп желбезекке алып келетін және сонша алып шығатын артериялар тән. Шеміршекті сүйекті балықтардың бір ғана бекіре тәрізділер отряді бар. 4 класс тармағыҚауырсын қанаттылар осы уақытта тіршілік ететін балықтарды қамтиді.Қауырсын қанатты балықтар 3 отряд үстіне бөлінеді. 1-сүйекті ганоидалар, 2-көп қанатты балықтар.3-сүйекті балықтар. Сүйекті ганоидаларға –сауытты шортан, амия жатады. Сүйекті балықтарға майшабақ тәрізділер, карп тәрізділер, угрлар, шортан тәрізділер, алабұға-ұшортан тәрізділер, саргандар, тікен тәрізділер, шоқ желбезектілер, тікен қанаттылар, треска тәрізділер ,камбала тәрізділер жатады. Су-тршілік ортасы болғандықтан тіршілік тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтынөзіндік коптеген ерекшеліктері болады.Оған -судың қозғалыста болуы, су температурасының өзгергіштігі, газдарды еріту қасиеттері, мұз қабатының пайда болуы.Балықтардың оттегіне қажеттілі әрттүрлі болады.Оттегін өте көп қажет ететін балықтар, оттегін аз қажет ететін баклықтар болып бөлінеді. Балықтарды негізгі экологиялық топтарға бөледі.1-теңіз балықтары.2-тұщы су балықтары.3- өткінші балықтар.4-жартылай өткінші балықтар. Балықтардың қоректік заттары әртүрлі болады. Суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді .Өсімдікпен,ұсақ жануарлармен қорктенетін балықтар болады. Балықтар өзінің тіршілігіне лайықты жерлерде мекен етеді. Жыл мезгілдерінің ауысып отыруына байланысты балықтар тіршілік әрекетін өзгертеді. Балықтар барлық сулы ортада кездеседі. Мемлекет тарапынан балықтар қорғауға алынған. Экологиялық жағдайдың өзгеруі балықтардың биологиялық тіршілігін өзгертті. Олардың саны азайып бара жатыр. Өндіріс орындары ішкі суларды ластап балықтар санын кемітуде. Сондықтан мемлекет тарапынан балықтар қорғауға алынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет