16 жалпы орта білім беретін мектеп


Физика пәні бойынша оқушы моделі



бет2/5
Дата15.10.2023
өлшемі37,69 Kb.
#185548
1   2   3   4   5
Байланысты:
Үлгерімі төмен

Физика пәні бойынша оқушы моделі



  1. Оқушы психологиясын зерттей отырып, теориялық білім алуы.

  2. Негізгі заңдылықтарды меңгеруі.

  3. Есеп шығару дағдыларын, өлшем бірліктерін меңгеруі.

  4. Ғылыми көзқарастарының дамуы.

  5. Пәннің ғылыммен, өмірмен, техникамен, астрономиямен және басқа да пәндермен байланыстылығын дамытуы.

  6. Өз бетімен білімін толықтыруы.

  7. Заңдылықтар мен құбылыстарға, болжамдар мен гипотезаларға талдау жасай алуы.

  8. Мектепішілік, аудандық олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатысып, ат салысуы.

  9. Жоғарғы деңгейдегі есептер шығарудың алгоритмдерін меңгеріп, білім, білік дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы.

  10. Эксперименттік жұмыстарды орындауы, теория мен практиканы үйлестіруі, логикалық есептер шығару арқылы ойлау қабілетін жетілдіруі.

  11. Жүргізген барлық жұмыстарына үнемі талдау жасап, жіберген кемшіліктерімен жұмыс жүргізіп, өзінің шығармашылығын дамытуы.

  12. Облыстық олимпиадаға, «Дарын» орталығы ұйымдастыратын жобаларға қатысып, білімін шыңдауы.

  13. Жоғарғы оқу орнына түсуге әзірленуі.



Үлгерімі нашар оқушымен жұмыс
Оқу жылының басында физика пәні бойынша тұжырымдама жасалынып, ілінді. Осы тұжырымдама негізінде физика пәні бойынша оқушы моделі жасалынды. Мен өзім сабақ беретін сынып оқушыларының физика пәнінен алған білімдері негізінде тоқсан сайынғы алынған бақылау, тексеру, сынақ, емтихан жұмыстары және күнделікті алынатын өздік жұмыстар бойынша талдау жасап, диагностикаға түсіріп, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жоспарын жасадым. Ең алдымен «Үлгерімін жақсартуды талап ететін оқушы кім?» екендігін анықтап, олармен жүргізілетін жұмыс түрлері айқындалды. Нәтижесінде, кез келген оқушы үшін үлгерімді жақсарту жұмыстары қажет екен, себебі әр оқушының білімді қабылдау деңгейі әр түрлі, өйткені ең төменгі деңгейде оқитын оқушымен қатар үлгерімі жоғары оқушы бар. Мектеп психологымен бірге барлық сыныптардағы оқушылардың педагогикалық және психологиялық зерттеу диагностикасының картасы, оқушылардың педагогикалық-психологиялық, дәрігерлік зерттеу диаграммасы жасалынды. Осы диаграмма бойынша және сабақтағы білім, тексеру жұмыстарының гистограммасы негізінде үлгерімі нашар оқушылардың тізімі анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет