16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз



бет11/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

29. Басқару әдістерін түсіндіріңіз.
1. Мемлекеттік басқару әдісі – бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы); Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады: 


- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады; 
- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді: 
- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы); 
- тиісті объектіге арналған; 
- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі; 
- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:


1/ субординация; 
2/ координация
Субординация төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғары тұрған  қызметшілерге   қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді. 
Координация – орталық атқарушы органдар, олардың   қызметшілері   және  лауазымды тұлғалардың  басқару  міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі. 
2. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру. 
Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқа жіктеледі. Тікелей әдістерге – иландыру мен мәжбүрлеу жатады.
Иландыру дегеніміз – басқару субъектісінің   басқарылатын   объектіге   мақсатты бағытталған ықпал ету процесі, соның нәтижесінде басқару субъектісінің идеялары,
құндылықтары мен нұсқаулары басқару объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады. 
Мәжбүрлеу дегеніміз арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасау құралдары. 
Жанама әдістерге әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістер жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет