16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде сипаттап, олардың әкішілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерге тоқталыңыз


Басқарудың құқықтық актілерін жіктеңіз



бет10/13
Дата06.11.2023
өлшемі55,12 Kb.
#189927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әкімшілік 16-30

28. Басқарудың құқықтық актілерін жіктеңіз.
Басқарудың құқықтық актілері мыналарға бөлінеді: заңдылық қасиеттеріне қарай; әрекет мерзіміне қарай; аумақтық күшіне қарай; актілерді шығаратын атқарушы органдардың өкілеттілік сипатына қарай; басқарудың құқықтық актілерін шығару органына қарай; актілердің көрініс нысанына қарай.
Басқару актілері заңдылық қасиетіне қарай нормативтік, жеке, аралас сипаттағы акт болып бөлінеді. Өзінде құқық нормасын қамтитын акт нормативтік деп аталады. Олар бір тектес қоғамдық қатынастарды реттеуге, ұзақ мезгілге қолданылуы белгіленген, нақты адресаты жоқ мақсатта болады (мысалы, ҚР Үкіметі қабылданған «Жолда жүру Ережелері» және т.б.). Бас-қарудың нормативтік актілері атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесін анықтайды (мысалы, ҚР ІІМ ережесі және т.б. органдардың ережелері).
Әкімшілік құқықтық дереккөздерінің айрықша ауқымды бөлігі ретінде, басқарушылық нормативтік актілер мемлекеттік басқарудың барлық аялары мен салаларында болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Жеке басқару актілерінде құқық нормалары қамтылмайды. Олар заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде нақты, жеке басқару сұрақтарын (ісін) шешеді, яғни, нақты жағдайларға құқық нормаларын қолдану актілері болып саналады. Мұндай актілер болып ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде министрдің орынбасарларын тағайындау, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша әкімшілік жаза салу қаулысы және т.б. саналады.
Жеке актілер — бұл мемлекеттік басқару актілерінің айрықша кең тараған түрі. Жеке актілер көмегімен басқару процесінде көптеген сұрақтар тез арада шешіледі.
Аралас сипаттағы басқарудың құқықтық актілері құқық нормалары мен жеке басқарушылық істері туралы шешімдерді қамтиды. Бұл актілерде жалпы ережелермен қатар (құқық нормалары), нақты атқарушы органдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған ұйғарымдар болады (мысалы, ҚР аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, барлық мемлекеттік органдарды өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етуге және қолданылатын шаралар туралы акт).
Басқарудың құқықтық актілері әрекет мерзімі бойынша мерзімдік әрекеті белгісіз (мерзімсіз), шұғыл және уақытша болып бөлінеді. Егер басқару актісінде әрекет мерзімі анықталмаса, ол өкілетті орган шешімімен күшін жойғанға дейін әрекет етеді, яғни мерзімсіз. Егер басқару актісінде әрекет мерзімі көрсетілсе, осы мерзімі аяқталғаннан соң акт күшін жояды. Уақытша актілер ереже бойынша белгісіз және ұзаққа созылмаған мерзімде әрекет етеді, бұл актілердің атауында олардың уақытша екендігі көрсетіледі.
Аумақтық әрекетіне қарай басқарудың құқықтық актілері республика және әкімшілік-аумақтық бөліністе (облыс, қала, аудан, кент) қолданылатын болып бөлінеді. Республика аумағында әрекет ететін басқарудың актілерін орталық атқарушы билік органдары шығарады, ал әкімшілік-аумақтық бөліністердегі актілерді жергілікті мемлекеттік атқару органдары шығарады. Басқарудың актілерін шығарған атқарушы органдардың құзыретіне қарай жалпы, салааралық және салалық басқару актісі болып бөлінеді. Басқарудың жалпы актісін жалпы құзыреттегі басқару органдары (ҚР Үкіметі) шығарады және заңдылық күшіне қарай, салааралық және салалық актілерге қарағанда жоғары күші бар. Салааралық басқару актісін салааралық мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын органдар қабылдайды (мысалы, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің қаулысы). Салалық басқару актілері нақты басқару саласында болатын қоғамдық қатынастарды реттейді және басқарушылық істерді шепіеді. Бұл актілерді министрлік, агенттік, ведомстволар, басқармалардың басшылары шығарады.
Басқарудың құқықтық актілерін шығаратын органдарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары, ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік басшылардың нормативтік бүйрықтары, әкімдердің нормативтік құқықтың шешімдері, сонымен қатар олардың туынды түрлері: регламент (қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін), ереже (қандай да болмасын мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін), қағида (қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін), нұсқаулық (заңдардың ңоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін) нормативтік құқықтық актілер болып бөлінеді (ҚР «Нормативтік құқықтың актілер туралы» 1998 ж. 24 наурызда қабылданған Заңның 3-бабы).
Басқарудың құқықтық актілері көрініс нысанына қарай ауызша (жазбаша және ауызша) және конклюденттік болып бөлінеді. Басқарудың жазбаша актісі қажетті деңгейде белгіленген тәртіппен рәсімделуі қажет, өйткені оның әрекет күші содан кейін ғана барып күшіне енеді. Сонымен қатар, ауызша берілетін актілер бар, олар көбіне басқару сұрақтарын жедел шешу процесінде қолданылады. Олардың жазбаша актілермен қатар заңдылық күші бар. Ауызша берілген басқарудың актісін орындаудан бас тарту, орындамау немесе қажетті деңгейде орындамау заңды жауаптылыққа әкеп соғады.
Басқару субъектісінің еркі жекелеген қол қимылының (қол сілтеу, қол бұлғау), сигнал беру сияқты белгілердің және басқа да конклюденттік әрекеттер арқылы көрінуі мүмкін (мысалы, ҚР ӘҚБТ Кодексінің 471-бабында белгіленген жауаптылық туу үшін, ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату талаптарын орындамау әрекеті болуы қажет, қимылымен сигнал беріп немесе таяқшаны көтерумен бір мезгілде ысқырып сигнал беріп не дыбыс күшейткіш құрылғының көмегімен білдірілуі тиіс). Конклюденттік акт өзінің әрекет етуі арқылы заңдылық салдарды, яғни, әкімшілік-құқықтық және басқа да құқық қатынастарының пайда болуын, өзгеруін немесе аяқталуын туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет