Агенттік (агенство) – саяси экономикалық оқиғалар туралы, ғылыми-техникалық және мәдени өмір туралы материалдар жинайтын, дайындайтын мекеме. Мысалы, Баспасөз жаңалықтары агенттігі, Юнайтед Пресс Интернейшнл.
Агрессор – жаулап алу мақсатымен шабуыл жасаушы мемлекет, империалистік соғыс саясатын жүргізуші, агрессияны жүзеге асырушы, басқыншы, тонаушы соғысты қоздырушы мемлекет.
Агротехника – ауыл шаруашылық даылдарын өсіруді жетілдірудің (жер жырту, өңдеу, тұқым дайындау, егу, тыңайтқыш беру т.б.) технологиялық әдістері.
Адмирал – соғыс теңіз флоты офицерлерінің ең жоғарғы атағы немесе әскери атақ. Ол бірнеше дәрежеге бөлінеді. Контр-адмирал, вице-адмирал, адмирал т.б. адмиралдық атақ Еуропада XII ғ., Россияда генералдық, адмиралдық және т.б. атақтар 1 Перт тұсында, ал СССР-да адмиралдық атақтар 1940 ж. енгізілді.
Адмиралтейство – 1. Революцияға дейінгі Россиядағы соғыс кемелерін жасайтын, жөндейтін орталық. 2. Ұлыбритания соғыс-теңіз күштерінің жоғарғы басқарма органы және командованиесі.
Акционерлер – акция (құнды қағаз) ұстаушылар. Олар басқалармен бірге акционерлік кәсіпорнының мүшесі және ортақ иесі болған капиталистер.акционерлер қоғамының жыл сайынғы пайдасынан тиісті үлес алады.
Англикан шіркеуі – Англия және кейбір елдердегі мемлекеттік шіркеу. Англикан шіркеуі протестантизм бағыттарының бірі, XVI ғ. реформацияның нәтижесінде шыққан.
Арендатор – белгілі бір мүлікті (үй, жер т.б.) уақытша арендаға (жалға) пайдалануға алушы адам. Арендатор аренда берушіге тиісті келісім бойынша ақысын төлейді.
Банкир – ортағасырлық Еуропада сауданың дамуы, ақша қатынасының көбеюінен ақшасы бар өсімқорлар ақшаның көп сомасы сақталатын орын ашты. Ол банк деп аталды. Банк итальян тілінде орындық деген мағынада. Банкирлер ақшаны сақтауға алып көпестерге, феодалдарға, корольдерге қарызға өсіммен беретін. Сөйтіп банк ақша айналымын басқаратын ірі мекемеге айналды.
Банкрот – (нем. bankrott – төлем қабілетсіздігі) – капиталистік елдерде кәсіпорындардың құлдырауынан төлем қабілетінің болмауы. Ол шарасыздық кейбір жағдайларда кәсіпорындарды жойылуға апарады.
Банкроттық – 1. Жеке капиталистер, кәсіпорынның, банктің үлкен шығынға ұшырауы, құлдырауы салдарынан қаржысыздыққа тап болу, қарызды өтей алмаушылық. 2. мемлекеттің өзіне алған қаржы жөніндегі міндеттемесін орындаудан толық не жартылай бас тартушылығы, басқа ұғымда банкроттық жоспарының сәтсіздікке ұшырауы, күйреуі дегенді білдіреді.
Барокко (итал. ғажайып) - XVI – XVIII ғасырлардағы Еуропа мен Американың архитектуралық өнеріндегі негізгі стильдік бағыт. Сәулетті, монументалды сарайлар, шіркеулер айшықты, сәнді, күрделі өрнектермен безендірілген.
Бас штаттар – Франция королі IV Филипп папаға қарсы күреске қолдау табу мақсатында 1302 жылы сословиелер (дін басылары, дворяндар, ауқатты қала тұрғындары) өкілдерінің жиналысын шақырды. Бас штат дегеніміз – XVI-XVII ғғ. Франциядағы сословиелік уәкілдікдің жоғарғы органы. Оның жиналыстары 1614 ж. бастап, 175 жыл бойы шақырылмай 1789 жылы Людовик XVI корольдің тұсында қайта шақырылды.