Демократияландыру– мемлекеттік, қоғамдық құрылысты демократиялық прициптер жолымен ұйымдастыру, орнықтыру және демократиялық шараларды жүргізу. Демократияландыру – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық салалардағы праволары мен бостандығын жүзеге асыру.
Демилитарландырылған аймақ– бұрынғы әскери бекіністерді сақтауға немесе жаңартуға, соғыстық маңызы бар өнеркәсіптік кәсіпорындарын жасауға, әскер ұстауға тиым салынған аймақ. Мұндай аймақ мемлекеттер шекараларының арасында болады. Оның тәртібі халықаралық шартпен белгіленеді.
Держава – 1. Халықаралық аренада жетекші рөл атқаратын, өз бетінше тәуелсіз саясат жүргізетін, ірі, қуатты мемлекет. 2. Орта ғасыр дәуірінде монарх үкіметінің эмблемасы ретінде император, патша ұстайтын басында кресі бар алтын шар. Патша оны салтанатта қолына ұстап шығатын болған.
Диверсант – шетел агенттерінің, саяси құрылысқа қас ұйымының барлау жасау, бүлдіру, зиян келтіру, өрт қою, әскри маңызды орындарды, өнеркәсіп орындарын қопарушы адамы.
Директория – 1. Буржуазиялық мемлекетті басқарудың атқарушы коллегиялық органы немесе үкімет аты. Мысалы, Франциядағы (1795-1799) өкіметтің коллегиялық органы. 2. Азамат соғысы және шетел интервенциясы кезінде кейбір контрреволюцияшыл «үкіметтер» директория деп аталады.
Драгундар (драгуны) – 1. Әуелі Францияда XVI ғ. шыққан. Еуропа елдері мен орыс армиясындағы 17-20 ғ. атты әскерлердің бір түрі. Олар атсыз да соғысуға бейімделген. 2. Кейбір шетел армияларындағы жекелей танк бөлімдері драгундар делінеді.