Кайзер– «Қасиетті Рим империясының» және кейін Герман империясы императорларының құрметті атағы.
Канцлер (нем. kanzler) – 1. Орта ғасырлық Еуропаның кейбір елдерінде король кеңсесінің, бастығы, мөр сақтаушы. 2. Патшалық Ресейде мемлекеттік азаматтық жоғарғы шен. 3. герман империясында 1871-1945 жж. рейхсканцлер – үкімет бастығы. ФРГ-де, Австрияда федеральдық канцлер – үкімет бастығы. 4. Англияда казначей канцлері – финанс министрі, лорд канцлер – лордтар палатасының председателі, үкімет және жоғарғы сот мүшесі.