Практика бағдарламасы «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының отырысында қаралды



бет1/2
Дата26.01.2023
өлшемі73,5 Kb.
#166479
  1   2
Байланысты:
psihol-ped pr bagd
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, ИАП-сессия, Латын -қазақ термин сөздік, ИАП-сессия

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

«Келісілді»
№ 7 мектеп-лицейінің директоры
_____________ Абдазиева Г.М.
«______» ____________20_____ж.

«Бекітемін»
Институт директоры
______________С.Т.Тайман
«_____»__________20_____ж.

6B01725–Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2-курс студенттеріне арналған психологиялық-педагогикалық практикадан өту және есеп беру жөніндегі

бағдарлама

Қызылорда, 2022 ж
Практика бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 қазандағы 2018 жылғы № 595 «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған(09.01.2019 ж өзгерістерімен).

Практика бағдарламасы «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының отырысында қаралды.


№___хаттама, «___» _______ 20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі: Ұ.Ө. Бекназарова



Кіріспе
Жаңа әлеуметтік жағдайлар, Қазақстандағы педагогикалық ғылым мен білім жүйесінің дамуы, дүниежүзілік педагогикалық тәжірибе бүгінде педагог дайындаудың алдын жан-жақты талаптар қойып отырғаны белгілі.
Қазіргі педагог үнемі өзгерісте болып тұратын әлеуметтік жағдайды жаңаша ойлау, педагогикалық үрдістің инновациялық жүйесін игеру, өз еңбегіне шығармашылықпен қарау және оқушылармен жоғары дәрежеде қарым-қатынас жасай білуі қажет.
Білімнің дамуы төмендегіше ресми құжаттармен байланысты:

  • Елбасының 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауы;

  • ҚР «Білім туралы» заңы (2007ж);

  • ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

  • ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Педагогикалық тәжірибе жинақтау – болашақ педагогтің шығармашылықтұлғасын қалыптастырудың құрамды бөлігі болып табылады. Бағдарлама негізінде төмендегідей ережелер алынды:

  • Тұтас педагогикалық үрдістегі психологиялық, педагогикалық пәндердің болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындығындағы ролі;

  • Педагогикалық тәжірибе жинақтаудағы жүйелілік және бірте-бірте күрделеніп отыратын студенттердің іс-әрекеттері;

  • Болашақ педагогтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына педагогикалық тәжірибе жинақтауға баулу.

Бұл жұмыс бағдарламасы 2005 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы республикалық оқу-әдістемелік орталық құптаған бағдарлама негізінде жасалды, сонымен қатар бағдарламаға Х.Е.Нұғманованың, доцент Ұ.Б.Ағыбаеваның «Педагогикадан тәжірибе жинақтау» атты методикалық құралдары пайдаланылды.
2-курстағы тәжірибе жинақтаудың мақсаты – студенттердің теориялық білімінің сапасын және кәсіби дайындығын бағалаудың қорытындысын тексеру.
Практика барысында төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:

  • Тұтас педагогикалық процесті іс-әрекет нысанасы ретінде жүйелі көре білуді қалыптастыру;

  • Студенттерді педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың таным қызметінде педагогпен оқушылардың педагогикалық процестегі өзара қарым-қатынасын түсіну;

  • Мектептің педагогикалық процесі (мектептің оқу-тәрбие процесімен, сынып жетекшісінің) жоспарларымен танысу;

  • Сыныпта тәрбие жұмысының түрлерін жүргізе білу және әртүрлі әдістер қолдана білу, тәрбие процесін басқара білу;

  • Педагогикалық қызметте шығармашылық, зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет