«Қазақ әдебиеті» пәнінен қалыптастырушы бағалау 8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың (қазақ тіліндегі) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына, ойлау дағдыларының деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Мазмұны
тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Дананың сөзі – ақылдың көзі» 4
тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Көркем әдебиет және эпикалық сарын» 10
тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Махаббат және абырой» 15
тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
БӨЛІМ. «Қиял мен шындық» 22
1-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Дананың сөзі – ақылдың көзі»
Тақырыбы Қорқыт. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
Оқу мақсаты 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтерді анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Әдеби шығарманың сюжеттік желілерін, эпилог, прологтерін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Жырдың композициялық құрылымын жазыңыз.
Оқиғаның басталуы _ Оқиғаның дамуы Оқиғаның байланысуы Оқиғаның шиеленісуі Оқиғаның шарықтау шегі Оқиғаның шешімі
Шығарма сюжетіндегі мына үзінді шығарманың қай бөлігінде кездесті? Онда қандай салт- дәстүр туралы айтылады?
Сюжет
|
Түсіндірме
|
Қорқыт:
«Мен сенің аспанмен таласқан қара тауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан мөлдір суыңнан өтсем деп келдім, мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, тәңірдің жолы деп, мен сенің айдан ақ, күннен сұлу қарындасың Бану Шешекті Бәмсі Байраққа алып кетсем деп келдім»
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
-жырдың композиялық құрылымын анықтайды;
- шығарма сюжетіндегі салт-дәстүр туралы айтады.
Тақырыбы Қорқыттың нақыл сөздері
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады
Қолдану
Тапсырма
Қорқыттың нақыл сөздеріне ұқсас қазіргі заманғы мақал-мәтелдерді жазыңыз. Нақыл сөздердің мағынасын, идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып жазыңыз.
«Екі жақты күнделік»
Қорқыттың нақыл сөздері
1.Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
Қазіргі мақал- мәтелдер
Ана көрген – тон пішер, ата көрген – оқ жонар
Мағынасы, идеясы мен пафосы
Мінген атың қиналмайынша, аты шықпас.
Самай шашы ағарған баба көрікті.
Дескриптор Білім алушы
-мағыналас мақал-мәтелді табады;
-мағынасын ашады;
-идеясы мен пафосты ұлттық мүдде тұрғысынан ашып жазады.
Тақырыбы
|
Қорқыт. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
|
Оқу мақсаты
|
8.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Кейіпкерлерді тура және жанама мінездеулерге жіктейді
Қолдану
|
Тапсырма
Шығармадан тура және жанама мінездеуге мысалдар келтіріңіз.
«Төрт сөйлем» тәсілі
Пікір. Жырдағы жаныңа жақын кейіпкер туралы, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)
Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)
Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырыңыз, мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)
Қорытынды. Өзіндік қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)
|
Дескриптор
|
Білім алушы
тура және жанама мінездеуді ажыратады
өз ойын дәлелдейді;
өмірмен байланыстырады;
қорытынды ой айтады.
|
Тақырыбы
|
|
Ахмет Йассауи. «Даналық кітабы»
|
Оқу мақсаты
|
|
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Ахмет Йассауидің «Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті, қыз-бозбала жастардан әдеп кетті» деген сөзін талдаңыз. Сол арқылы ақынның өмірлік мақсат-мұратын ажыратыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
шығарма үзіндісіндегі ойды талдайды;
ақынның өмірлік мақсат-мұратын таниды.
|
Тақырыбы
|
Ақтамберді Сарыұлы «Балаларыма өсиет»
|
Оқу мақсаты
|
8.2.2.1. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым- қатынасының тілдік көрінісін талдау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік ерекшелігін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Берілген үзінді бойынша автор бейнесін талдаңыз.
«Кепиет» сөзінің тілдік ерекшелігін анықтаңыз.
Насихатты негізге ала отырып, ой картасын жасаңыз. Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айрылма, Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке. Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
автор бейнесін талдайды;
тілдік көріністі талдайды;
өлеңнен ой картасын жасайды.
|
Тақырыбы
|
Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»
|
Оқу мақсаты
|
8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдайды
Автор стилін анықтайды
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген жолдардағы психологиялық параллелизм, перифраз, риторикалық сұрақтардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтаңыз.
Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?!
* * *
Ел жазылып жайлауда, Жақсылар кеңес құрғанда, Мұртымыз өрге шаншылып, Бұрын да сөйлер ме екеміз?!
* * *
Жарлауға біткен жапырақ - Жамылсақ, тоңар ма екеміз?! Жазыққа біткен бүлдірген - Сұғынсақ, тояр ма екеміз!
|
Дескриптор
|
Білім алушы
жырда қолданылған көркемдегіш құралдарды ажыратады;
көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;
автор стилін анықтайды.
| тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
Тақырыбы
|
|
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»
|
Оқу мақсаты
|
|
8.1.4. 1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Үзінділерді қолдана отырып, өз көзқарасын дәлелдейді Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
«Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдырын Мұрат Мөңкеұлы тебірене жырлайды» деген ойды өрбітіп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді қажетінше қолданыңыз.
Мал менен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз, жігіттер, Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!
Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны.
Жеті жұрт көшіп кеткен соң, Атамыз қазақ баласы Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап, Жүзден-жүзден нар байлап, Дәулеті қалың біткен жер.
Байдан кетіп сақауат, Пақырдан кетіп қанағат. Діні басқа біреулер
Ел биледі аралап.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
өз көзқарасын білдіреді;
көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады.
|
Тақырыбы
|
Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа»
|
Оқу мақсаты
|
8.2.2.1.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Тілдік ерекшелікті автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы арқылы талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Автордың риторикалық сұрау, қайталау түрлерін қолданудағы тілдік ерекшелігін талдаңыз.
Еділді алса – елді алар, Енді алмаған нең қалар?
Жайықты алса – жанды алар, Жанды алмаған не қалар?
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы сонда не қалар? – деген жолдардағы автордың ойын анықтаңыз.
Осы жолдардан ақынның қандай көзқарасын тануға болады? Дұшпан — тазы, біз — түлкі,
Қашсақ, ерікке қоймайды, Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық Құлғанадай қадалған. Бұл не деген ғаламат, Қазынасы кең Құдайым, Сақтағайсың саламат!
|
Дескриптор
|
Білім алушы
автордың тілдік қолданысын талдайды;
автордың ойын анықтайды;
ақын бейнесіне талдау жасайды.
|
Тақырыбы
|
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны
|
Оқу мақсаты
|
8.3.2.1Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады
Шығарманың жаңашылдығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Шығармада көрініс тапқан құндылықтарды анықтаңыз.
Оларды қазіргі өмір құндылықтарымен салыстырыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
шығармадағы құндылықтарды анықтайды;
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.
|
Тақырыбы
|
Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі
|
Оқу мақсаты
|
8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Әдеби эссені шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап жазады
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Берілген үзіндіні негізге ала отырып, шығарманың идеясын гуманистік тұрғыдан талдаңыз.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық...
...Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық, Асыл сол –ақыл, білім бойда барлық. Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
«Ақыл – білімге бастар жол» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
берілген үзіндіні қолданады;
шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
тақырып бойынша әдеби эссе жазады.
|
Тақырыбы
|
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны
|
Оқу мақсаты
|
8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын- пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік сыни пікір жазады
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Берілген пікірге сүйене отырып, «Еңлік-Кебек» дастанындағы әлеуметтік мәселелердің суреттелуіне сыни пікір жазыңыз.
«Еңлік-Кебек» - қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, әр топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз реалистік туынды.
Ақын ескі әдет-ғұрыпты берік ұстанған ел намысын қорғаушылардың сүйіскен екі жастың адал махаббаттық сезімін аяққа басып, оларды аяусыз жазаға қиған қаталдығын толғана баяндай отырып, сол замандағы қоғамдық өмірдің шиеленіскен қайшылығын ашып көрсеткен.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
сын-пікірге сүйеніп талдайды;
шығармадағы әлеуметтік мәселені анықтайды;
сыни пікірін жазады.
|
тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Махаббат және абырой»
Тақырыбы М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма кейіпкерлерін тура және жанама мінездеулерге жіктейді
Қолдану
Тапсырма
Шығармадан жанама және тура мінездеуге мысалдар келтіріңіз.
Тура мінездеу
|
Жанама мінездеме
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
шығармадан тура мінездеуге мысал келтіреді;
шығармадан жанама мінездеуге мысал келтіреді;
кейіпкер мінездеулерін жіктейді.
ЖаОқБыА рыбы
|
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»
|
Оқу мақсаты
|
8.2.1. 1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
Қолдану
|
Тапсырма
Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз.
Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! – депті.
Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:
- О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой, әттеген-ай! Ат шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
үзіндідегі қасиеттерді анықтайды;
автор позициясын талдайды.
|
Тақырыбы Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады
Шығарманың жаңашылдығына баға береді Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз.
Шығарма үзіндісі Салыстырмалы талдау Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан
гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз- қатар тізіп қояды да бақалшыға:
Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, - дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді.
Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда.
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.
Мен Момыштың ұлымын.
Момыш кімнің баласы?
Момыш – Имаштың баласы.
Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
Дескриптор Білім алушы
шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды;
заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;
материалдық, рухани құндылықтарға баға береді.
Тақырыбы
|
Д.Исабеков « Әпке» драмасы
|
Оқу мақсаты
|
8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығармадан алған үзінділерді өз шығармашылығы арқылы қайта өңдеп жазады
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген үзіндіні өңдеп, өзге жанрда (өлең, әңгіме, диалог, т.б.) жазыңыз. Креативтілікті ескеріңіз.
Қамажай: Сен де біледі екенсің ғой оны. Тасбауыр. Қатыгез, қара жүректер! (Оны да шапалақпен тартып жібереді).
Тимур: Кама, жинал. Тезірек жинал!
Қамажай: (селт етіп, есін жиып, көзінің жасын сүртеді): Теміржан... Теміржан-ау,
«жинал» дегенің не сөз? Жиналғаны несі?
Тимур: Кетеміз. Бұдан әрі бұл үйде тұра берудің жөні жоқ.
Қамажай: Теміржан, көкешім. Үйден безіп қайда барасыңдар? Құлыным, садағаң кетейін, кешір, кешір менің бір қателігімді. Сендерге көтерген қолым неге сынып қалмайды. Кәмила, сен де кешір жаным. Ашумен байқамай...
|
Дескриптор
|
Білім алушы
үзіндіні қайта өңдейді;
шығармашылығын танытады;
креативті жазады.
|
Тақырыбы Д.Исабеков « Әпке» драмасы
Оқу мақсаты 8.3.1.1 Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалар мен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тақырыбы мен идеясын басқа шығармалармен салыстырады
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Д. Исабековтің «Әпке» драмасының тақырыбы, көтерген мәселесі бойынша тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
Берілген екі шығарманың ерекшелігі мен айырмашылығын салыстырыңыз.
Д. Исабековтің «Әпке» драмасы
|
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
шығармалардың өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығын анықтайды;
екі шығарманы салыстыра талдайды;
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Тақырыбы М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Оқу мақсаты 8.2.3.1Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдайды
Автор стилін анықтайды Қолдану
Тапсырма
Берілген үзіндіде қандай көркемдегіш құралдар қолданылғанын табыңыз.
Шығармадан үзінді
|
Көркемдегіш құралдар
|
«Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға»
|
|
«Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле»
|
|
«Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ»
|
|
Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап...
|
|
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба ана?..
|
|
Көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, ақын стилін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
көркемдегіш құралдарды ажыратады;
көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;
ақын стилін анықтайды.
Тақырыбы
|
|
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
|
Оқу мақсаты
|
|
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
Қолдану
|
Тапсырма
Жылқышы қарт пен ананың диалогі бойынша ой қорытындысын жасаңыз.
- Ей!
Кімсің? Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?! – деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?
Ақын шығарма желісіне тәуіп шалды неліктен енгізген? Сіз қалай ойлайсыз?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
шығарма бөлшектерін талдайды;
ой қорытындысын жасайды;
ойын тиімді жеткізеді.
| тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Қиял мен шындық»
Тақырыбы
|
Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі
|
Оқу мақсаты
|
8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді
Қолдану
|
Тапсырма
Ойыңызды жеткізіңіз.
«Қарағым Оразымбет, маған ергеніңе жыл болып калды. Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі, жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе!» деген Естеміс сөзінен нені аңғаруға болады?
Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашуға тырысыңыз.
«Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман келіп, безек қағып, күй аз бұлқынып, жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді». Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осыншама тебіреніп жазды?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
шығарма идеясын анықтайды;
ұлттық мүдде тырғысынан ашып жазады;
ойын жеткізеді.
|
Тақырыбы
|
Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ»
|
Оқу мақсаты
|
8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым- қатынасының тілдік көрінісін талдау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Тілдік көріністі автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасы тұрғысынан талдайды
Қолдану
|
Тапсырма
1. Үзінді арқылы кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі жұбыңызбен бірге талдаңыз.
– Бұл күлкі емес, - деді әкем терезеден тіршіліксіз Ай табиғатына қарап отырып,- көлеңкенің қоюлығы Айдағы атмосфераның жоқтығынан. Айдың атмосферасы мен гидросферасы болған. Мұнда да бір заманда тіршілік қайнап жатқан. Мәдени дамудың жоғары шегіне жеткен Айдың саналы тіршілік иелері атмосфераны ластаған, оның ыдырауына әкеліп соқтырған. Озондық ойықтың ұлғаю нәтижесінде Күн радиациясының электр магниттік ағымы ғаламшар бетіндегі тіршілікті жойып жіберген...
Бір кезде Сартай:
Енді мұнда жасырынбақ ойнамайықшы, – деді.
Жарайды, енді ойнамаймыз, – дедім мен де қостап, – онан да ана көрініп тұрған жеріміздегі атмосферамыздың, гидросфера мен биосферамыздың тазалығын ойлайықшы.
Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, – деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, – достарыңа да түсіндіріңдер мұны.
2. Берілген үзіндіде автор бейнесі қалай көрінді? Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі, оқиға көріністері арқылы анықтап, талдаңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі ажыратады;
автор бейнесін талдайды;
өзіндік көзқарасын жеткізеді.
|
Тақырыбы
|
Ж.Сахиев. «Дабыл» фантастикалық әңгіме
|
Оқу мақсаты
|
8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдайды
Автор стилін анықтайды
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген үзіндіден автор стилін анықтаңыз.
Ғарыштан келіп, Жер атмосферасына іліккен созылыңқы тамшы пішінді үлкен тас таңсәрідегі шырт ұйқыда жатқан ауыл үстінен ысқыра ағып өтіп, тау аңғарын жанай ұшып, жолындағысын күйдіріп-сыдырып барып қара жерге жантая қадалды...
...Түтін сейілгенде, алдындағы таңба жазулардан зым-зия жоғалып, орнына басқасының пайда болғанын көрді. «Қорықпаңыз, бері шығыңыз», - деп жазылыпты онда. Төлен оны оқып болған соң, иекке қарай бұрыла бергенде, үш денелі адамның қарсы алдында қаз-қатар тұрғанын бір-ақ байқады. Сасқанынан сәл кейін шегініп барып, сабыр сақтап, тоқтады да, бет-жүздерін, дене-мүсіндерін көзімен тез шолып өтті.
Үзіндідегі асты сызылған сөздерге перифраз жасап, қайта жазыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
автор стилін анықтайды;
шығарма үзіндісіндегі сөздерге перифраз жасайды.
|
Тақырыбы
|
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
|
Оқу мақсаты
|
8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білім алушы
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады
Шығарма жаңашылдығына баға береді Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің жаңашылдығы неде? Әңгіменің өзіндік ерекшелігі туралы талдап, бағалаңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
әңгіменің өзіндік ерекшелігін анықтайды;
әңгіменің жаңашылдығына баға береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |