§17-18. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты Оқу мақсаты


Ішкі көші-қон ерекшеліктері



бет3/6
Дата30.05.2022
өлшемі74,75 Kb.
#145475
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты §17-18. (1)
00022172-7f5967a8 (1), 00038b0c-0647ddb0, Summative assessment for the unit stress and fear, 7 3 тоқсан бжб, Астрономия реферат, 6 §27-28. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық
3. Ішкі көші-қон ерекшеліктері. Тәуелсіздік жылдары ішкі көші-қонның негізгі бөлігі ауылдық жерлерден ірі қалаларға көшумен жалғасты. Еңбек мигранттарының едәуір бөлігін қазақ жастары құрады. 1994 жылдан 1998 жылға дейін округтер саны 2522-ден 2042-ге қысқарды. Ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылды, ауыл инфрақүрылымы өзгеріске ұшырады. Жұмыссыздық күшейе түсті.
Экономикалық дағдарыс нәтижесінде қалалардың пайда болып, өсіп дамуына жол ашқан зауыт, фабрикалар тоқтап қалды.
1989-1999 жылдары шағын қалаларда тұрғындардың саны азая бастады. Мысалы, Лениногорск - 13,7 мың, Зыряновск 18,4 мың, Арқалық - 20,3 мың, Шахтинск - 41,8 мың адамға қысқарды.
Осы кездері халқымыздың демографиялық және әлеуметтік дамуы ірі бетбұрыстар мен күрделі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан үкіметі 2008 жылы көші-қонды басқару жөнінде «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын бекітті.
«Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты - шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел түрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды. Отанына оралған қандастарды да солтүстік аймаққа орналастыру шарасы жүргізілді. Бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешуде «Серпін» атты бағдарлама да сәтті жүзеге асырылып, үлкен маңызға ие болды.
2014 жылдан бастап «Серпін» жалпы үлттың жобасы жүргізіліп келеді. Осы жоба бойынша мамандар даярланып, еңбек ресурстары мол аймақтардағы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша батыс және солтүстік аймақтарға оқуға тартады.
4. Шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мәліметтері бойынша XX ғасырдың 90-жылдары қазақтар әлемнің 40 елінде тұрды. Олардың ішінде 3 млн 137 мың қазақ - жақын шетелдерде, 2 млн 529 мың қазақ - алыс шетелдерде мекендеген. Қазақтар көп тұратын елдер: Қытайда - 2 млн 260 мың адам, Өзбекстанда -1 млн 750 мың адам, Ресейде - 1 млн 100 мың адам, Моңғолияда - 150 мың адам, Түркіменстанда - 150 мың адам, Қырғызстанда - 95 мың адам, Ауғанстанда - 30 мың адам, Түркияда 15 мың адам шоғырланған.

1991 жылы ақпан айында республикаға Моңғолиядан еңбек квотасы бойынша 97 қазақ көшіп келді. Олар бұрынғы Талдықорған облысына орналасты. 1991 жылдың тамыз айында 1492 отбасы Семей, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында мекен етті. Жалпы 1991-1993 жылдары Қазақстанға Моңғолиядан 60 мыңға жуық адам көшіп келді.


1993 жылы қазақтардың елге оралуы үшін арнайы квота бекітілді. Мысалы, 2009 жылы көшіп келу квотасында - 20 мың отбасы қарастырылды. Тәуелсіздік жылдары республикаға 1,5 млн-ға жуық қазақ қайтып оралды. Ең үлкен бөлігі Өзбекстаннан, Моңғолия мен Қытайдан келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет