§17-18. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты Оқу мақсаты



бет1/6
Дата30.05.2022
өлшемі74,75 Kb.
#145475
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты §17-18. (1)


§17-18. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты

Оқу мақсаты:





  • көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін «көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», «репатриант», «диаспора», «ирредента» ұғымдарын пайдалану;

  • қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру.



Тірек сөздер:
Қазақша Орысша Ағылшынша
Диаспора Диаспора Diaspora
Репатриант Репатриант Repatriate
Ирредента Ирредента Irredenta
Иммиграция Иммиграция Immigration
Эмиграция Эмиграция Emigration


Тақырыпқа шығу:

1. «Көші-қон» дегенді қалай түсінесіндер?


2. Қазақстанның көші-қон саясаты туралы не білесіңдер?

1. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатыньщ ерекшеліктері. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды.


Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті . Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды . 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.
1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында репатриант деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған.
Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет