6. Қазақстандағы қазіргі этнодемографиялық жағдай. Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістерге сәйкес 1991-2008 жылдары халықтың саны күрт азайды, ал 2011 жылы республика тұрғындарының саны 1991 жылғы көрсеткішке жақындады. Тұрғындар саны күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі азаматтардың Қазақстаннан тыс елдерге көші-қон нәтижесі еді. Негізінен еуропалық этнос өкілдері қоныс аударды. Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан кетіп, осы өңірлерде халық саны азайды.
Бүгінде республика тұрғындары қатарында әйелдердің ерлерден басым көрсеткіші сақталып келеді. Еуропалық ұлт өкілдерінің қартаюы көрініс табуда, жастары Қазақстаннан тыс елдерге оқуға және жұмысқа орналасуға кетуде. Қазақтар республика тұрғындарының басым бөлігін құрайды.
Қазақстанда аймақтық орналасуда өзгерістер байқалады. Ауыл жастары қалаға бет бұруда. Көші-қонның негізгі тұрғындарының саны 1 млн-нан асқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына бағытталған.
1. Дүниежүзі қазақтары құрылтайын өткізу мен қандастарымыздың елге оралуының негізгі себептері мен алғышарттары қандай?
2. Қазақстан қандастардың елге жаппай қоныс аударуынан қандай жеңілдіктер мен артықшылықтар алды?
3. Қосымша деректерді пайдаланып, өздерің тұратын аймақтағы қандастардың бейімделуі туралы айтып беріңдер.
4. Жаңа деректер негізінде «Серпін» бағдарламасының мақсаты мен жүзеге асырылу барысы жайлы айтыңдар.
Диаспора - өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық).
Ирредента - өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған| этникалық топ.
Иммиграция - қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
Репатриант - тарихи отанына қайтқан қандастар.
Эмиграция - өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
Достарыңызбен бөлісу: |