§17-18. Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты Оқу мақсаты


Көші-қон үрдістерінің негізгі кезендері



бет2/6
Дата30.05.2022
өлшемі74,75 Kb.
#145475
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты §17-18. (1)

2. Көші-қон үрдістерінің негізгі кезендері. Бірінші кезеңде (1991-2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген үлт өкілдері, соның ішінде орыстар - Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер - Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды. Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді. Сондай-ақ жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді.
Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға кеміді. Сыртқы көші-қондағы жоғары шегі 1994 жылға сәйкес келеді. Елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991-2008 жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. Сондай-ақ басым көпшілігі Ресейге - 1 550 мың, Украинаға - 52,6 мың, Белоруссияға - 39,7 мың aдам көшіп кетті. Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады. Оның үстіне психологиялық факторлар да басым болды: көптеген адамдар тарихи отанында тұрып жатқан туыстарымен байланыстары үзіліп, ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтты, шегарадан өтудің қиындықтары туындауы мүмкін деген үрей мен тарихи отанында азаматтық алу мәселесі де алаңдатты. Сондықтан бұл этнос өкілдері өз елдеріне оралуға, тездетіп көшуге кірісті. Аталған мәселелерді ескере келе, Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1998 ж. Саммитында «Қарапайым адамдарға қарай 10 қарапайым қадам» ұсынған болатын. Бұл бастаманың жүзеге асыруда алу барысындағы жеңілдіктер, шегарада азаматтарымыздың, жүктердің, тауарлардың кедергісіз өтуі және ақпараттық байланыс аясын кеңейту т.б. мәселелер қарастырылды.
2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халың саны өсіп, миграциялық үрдістің екінші кезеңі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2004-2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға көбейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға дейін жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет