17 тақырып «Жануар текті өнімдердің маңызы» Сүт және сүт өнімдері



бет8/9
Дата26.02.2023
өлшемі180,5 Kb.
#170247
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-18 тақырып
Ерқара Айдос Жолдыбайұлы математика-1
Минералдық элементтер. Көкөнiстер, жемiс-жидектер организмдегi қышқылды-сiлтiлi тепе-теңдiктi сақтауға қажеттi сiлтiлiк сипаттағы минералдық элементтердiң көзi болып табылады. Олар әсiресе, калий және темiрге бай. Калиийдiң негiзгi көзi болып жемiстер, қара өрiк, мейiз, картоп табылады. Аққауданды капуста, сәбiз, қызылшы, алма, алмұрт, қара өрiк, шабдалы жақсы сiңiрiлетiн темiрге бай болады.
Көкөнiстерде және жемiстер құрамындағы магний, капустада, салатта, ақжелек құрамындағы кальций тұз түрiнде кездеседi. Магний мен кальцийдiң тұз түрiнде болуы олардың сiңiрiлуiн нашарлатады. Бұршақтың барлық түрлерi марганец элементiне бай. Жаңғақтар құрамындағы калий, фосфор, темiрмен, саңырауқұлақтар құрамындағы фосфор, мырыш, мыс, йод, марганец элементтерiнiң мөлшерiнiң жоғарылығымен ерекшеленедi.
Су. Көкөнiстер мен жемiстердiң 75-95%-ы судан тұрады. Сұйық бөлiгiндегi калий тұздарының қатысуымен су заттек алмасудың ақырғы өнiмдерiн организмнен шығаруға ықпал етедi. Көкөнiс, жемiс-жидектердiң құрамдас бөлiгi болып органикалық қышқылдар табылады. Олар дәмдiк қасиет бередi, iшек микрофлорасына қолайлы әсер етедi, заттек алмасуына қатысады, организмдi ңсiлтiлеугең ықпалын тигiзiп, ұйқыбез секрециясын күшейтедi. Жемiстердiң көп түрлерiнде алма, шарап, лимон қышқылдары болса, кейбiреулерiнде янтарь, бензой, салицил, қымыздық қышқылдары болады. Қымыздық қышқылы тұз алмасуының бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан, олардың көзi болып табылатын iнжiрдi, қызылшаны, саумалдықты, қымыздықты, рауғашты, кейбiр аурулар кезiнде тағам рационынан алып тастайды. Эфир майлары жоғары дәмдiк қасиет беруiмен қатар, асқорыту сөлiнiң бөлiнуiне әсер етедi. Эфир майлары сарымсақ, пияз, цитрус, шалғам, шомыр құрамында көп мөлшерде болады. Эфир майларының көп мөлшерi асқорыту ағзаларын және бүйректi тiтiркендiредi.
Көптеген шикi жемiстерде және көкөнiстерде микробқа қарсы әсер ететiн- фитонцидтер болады, олар ауыз қуысы мен iшектегi патогендi микробтарды жоюға қатысады.
Пектиндiк заттектер. Көкөнiстер мен жемiстерде пектиндiк заттектер протопектин және пектин түрiнде кездеседi. Протопектин қатты ерiмейтiн күйде клетканың қабырғасында орналасса, пектин клетка сұйықтығында еритiн күйде орналасады. Көк, пiспеген жемiстердiң қаттылығы осы протопектиннiң болуымен түсiндiрiледi. Жемiстер пiскен кезде немесе оны қыздырғанда протопектин ыдырап, пектин түзiледi, ол жемiске жұмсақтық қасиет бередi. Пiсiп-жетiлген жемiс-жидектер пектинге бай келедi, сондықтан да олар уылжып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет