17 тақырып «Жануар текті өнімдердің маңызы» Сүт және сүт өнімдері


Көкөнiстердiң, жемiстердiң және саңырауқұлақтардың тағамдық және биологиялық құндылығы



бет7/9
Дата26.02.2023
өлшемі180,5 Kb.
#170247
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-18 тақырып
Ерқара Айдос Жолдыбайұлы математика-1
Көкөнiстердiң, жемiстердiң және саңырауқұлақтардың тағамдық және биологиялық құндылығы
Көкөнiстер және жемiстер- адам тағамындағы маңызды орын алатын азық-түлiк түрi. Жылына адам 300 кг-ға дейiн жемiстер мен көкөнiстердi пайдалуы қажет. Осы азық-түлiктердiң әртүрлi бөлiктерiн: жидектерiн, жапырақтарын, сабақтарын, гүлдерiн, тамырларын, түйнектерiн, тағы да басқа бөлiктерiн пайдалануға болады. Көкөнiстер мен жемiстер негiзгi тағамдық заттектердiң: белоктардың, майлардың, көмiрсулардың, витаминдердiң, минерал-дық элементтердiң, органикалық қышқылдардың, басқа да биологиялық белсендi заттектердiң көзi болып табылады.
Жемiстер мен көкөнiстердiң көпшiлiгiнiң құрамында белоктар және майлар аз мөлшерде кездеседi. Белоктардың құндылығы төмен болғандықтан, әсiрiсе, шикi күйiнде нашар қорытылады. Дегенмен, соя, бұршақтар, картоп, брюссель және гүлдi капустаның белоктары жақсы сiңiрiледi. Саңырауқұлақта алмастырылмайтын амин қышқылдарынан тұратын белоктар болса да, ыдырау қабiлетiнiң төмендiгiнен сiңiрiлуi нашарлайды. Саңырауқұлақтар экстрактивтi және хош иiстi заттектерге бай болғандықтан, сөлдiң бөлiнуiн күшейтедi. Одан басқа құрамында жақсы сiңірiлуiне ықпал ететiн лецитин, қанықпаған май қышқылдары болады.
Жаңғақтар құрамы жағынан үйлесiмдi амин қышқылдарымен сипатталатын және көп қанықпаған май қышқылдарынан тұратын билогиялық белсендi майдың көзi болып табылады. Құрамындағы майдың мөлшерiне байланысты жаңғақ майлы өнiмдерге жатады. Маргарин, тәттi өнiмдер, консервiлер жасау үшiн жаңғақ майын (грек, самырсын майларын) қолданады.
Көмiрсулар. Көптеген көкөнiстердiң химиялық құрамының 5 пайызы ғана көмiрсу есебiнен толтырылады. Көмiрсулар құрамы сан-алуан заттектерден тұрады, олар: глюкоза, фруктоза, сахароза, крахмал, клетчатка, пектиндер.
Картопта және көк бұршақта крахмал көп мөлшерде кездеседi. Жемiс-жидектердiң көпшiлiгi: қарбыз, қызанақ, қауын, сәбiз жеңiлсiңiрiлетiн көмiрсулардан (моносахаридтер жәнедисахаридтер) тұрады. Көкөнiстер мен жемiстердiң барлығында, әсiресе, жидектерде, iнжiрде, құрмада, клетчатканың мөлшерi жоғары болады. Күнделiктi пайдаланып жүрген картопта, капустада, алмада ыдырап, сiңiрiлетiн нәзiк клетчатка түрiнде кездеседi.
Көкөнiстердегi және жемiстердегi клетчатка организмнен холестериндi шығаруға ықпал етедi. Алмада, қызылшада, қара өрiкте, құлпынайда, шабдалыда, сәбiзде, апельсинде көп мөлшерде кездеседi. Ал саңырауқұлақтар гликоген мен клетчаткаға бай.
Витаминдер. Көкөнiстер мен жемiстер С, К, Р, В тобы витаминдерiнiң, каротиннiң, фоли қышқылының көзi болып табылады. С витаминi итмұрында, шырғанақта, қарақатта, ақжелекте, тәттi бұрышта, аскөкте, әртүрлi капустада, цитрустарда, картопта көп мөлшерде кездеседi.
Жасыл және сарғыш түске боялған көкөнiстерде, жемiстер-жидектерде: сәбiз, шырғанақ, қызанақ, сары өрiк, аскөкө, салаттар құрамындағы каротиннiң жоғары мөлшерiмен, жапырақты көкөнiстер құрамындағы фоли қышқылымен ерекшеленедi. Картоп, бұршақ, жаңғақ, гүлдi капуста, саңырауқұлақ, т.б. – В тобы витаминдерiнiң көзi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет