Бақылау жұмысы №6
Мақсаты: Оқушылардың орындауға берілген тапсырмаларды талапқа сай орындауын тексеру.
Міндеттері:
Дыбыстық талдау жасай білу.
Сөздерді құрамына талдай білуін тексеру.
Шоқан
Шоқан Уалиханов – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші, тарихшы, саяхатшы, ғалым.
Суретші Шоқан таңбалы тастармен тас мүсіндерге көп көңіл бөлген. Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады. Олар ғасырлар бойы жасай бермек./36 сөз/
Тапсырмалар:
«Шоқан» сөзіне дыбыстық талдау
«Саяхатшы» сөзін сөз құрамына талда
Жауап кілті
1) Шоқан – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Ш – дауыссыз, қатаң
о – дауысты, жуан, ашық, еріндік
қ – дауыссыз, қатаң
а – дауысты, жуан, езулік
н – дауыссыз, үнді
2) саяхатшы
Саяхат – түбір
шы - жұрнақ
Достарыңызбен бөлісу: |