Microsoft Access - бұл функционалдық тұрғыдан толық әрі реляциондық МҚБЖ. Онда қолданушыға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған: яғни, қолданушы кез келген ақпаратты анықтап, өңдей алады, онымен қатар үлкен көлемді қамтитын ақпартпен жұмыс істей алады.
Ақпарат базасын басқару системаларына сүйеніп, біз ақпараттардың мінездемелерін, олармен жұмыс істеуді, және бірлесіп жұмыс істеуді бақылай аламыз.
МҚБЖ 3 басты функциядан тұрады:
ақпараттарды анықтау;
ақпаратты өңдеу;
ақпараттарды басқару.
Осы функционалдық мүмкіндіктердің барлығы Microsoft Access-те толықтай өне алады.
Электрондық таблицалар ақпараттың әртүрлі формаларын енгізуге арналған, бірақ, егер де біз ақпаратты толықтай комплекстік бақылаудан өткізетін болсақ, онда функциялардың жетіспеушілігі айқын байқалады.
Шағын фирмаларда электрондық таблицалардың счет-фактура шаблоны ғана қолданылады. Бизнестің үлкеюімен қатар жұмыскерлер қатары да өзгереді, осы кезде ақпараттар базасының тигізетін әсері мол.
Сондай-ақ электрондық таблица өндірісте де қолданылады, бірақ оның мазмұны жұмыскерлердің өз жұмыстарының есептерімен шектелуі тиіс. Ал толықтай бухгалтерлік есеп айырысулар ақпараттар базасында сақталуы қажет.
Бірлесіп жұмыс істеу кезінде ақпарат базасының басқару системасының арқасында ақпаратты санкционалдық емес енуді қорғай аламыз, соның нәтижесінде бұл ақпаратты белгілі бір қолданушылар ғана қолданып, оларға жаңадан енгізулер енгізе алады. Бірлесіп жұмыс істеуге арналған МҚБЖ кез келген қолданушының бәріне ұқсас ақпаратты өндеуге жол бермейді (ондағы ақпаратты әркім әртүрлі өзгерте алмайды).
Сіз қандай қолданушыларға немесе қолданушылар топтарына белгілі бір ақпараттағы объектілерге жұмыс істеуге рұқсат етуіңізді енгізе аласыз.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
2. Мәліметтер қоры – Access-ті іске қалай қосамыз?
3. МҚБЖ қанша және қандай басты функциялардан тұрады?
Үйге тапсырма:
МҚБЖ 3 басты функциясына жеке-жеке тоқталып, жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |