36..19. yüzyılın ikinci yarısındaki Kazakların isyanlarını göster, teorik deneyimi sağlayın 19. ғасырдың екінші жартысындағы казактардың бүліктерін көрсетіңіз, теориялық тәжірибе беріңіз 37.Ural, Turgay, Mangistau'daki isyanın doğası ve nedenleri açıklaması boyunca örnek göster Оралда, Торғайда, Маңғыстауда көтерілістің табиғаты мен себептерін түсіндіру кезінде мысалдар келтіріңіз 1868 жылы желтоқсан айында Орал және Торғай облыстарында патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Қазақтар көтерілісінің басты себебі 1867-1868 жылғы уақытша ережелер болатын.
1869 жылы көктемде көтерілісшілердің қарулы жасақтары казак әскери бөлімдеріне қарулы қарсылық көрсетіп, реформаны жүзеге асыру үшін келген үкімет комиссиясына ашық наразылығын білдірді. Бұл көтерілісті Ембі өзені бойындағы аймақты мекендейтін қазақ руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы басқарды. Қазақтардың қарулы қарсылығын басу үшін Мәскеу, Петербор, Харьков, қазан әскери округтері мен жазалаушы әскери бөлімдері жіберілді. Жазалаушы әскер бөлімдерінің құрамында 5300 солдат пен офицер және 20 шақты зеңбірек болды. Жазалаушы әскердің шабуылынан соң көтерілісшілер Енбі, Сағыз, Ойыл өзендері бойына шегінді. Көтерілісшілер 1868 жылы 6 мамырда Ойыл өзенінің жанында Жамансай деген жерде фон Штемпельдің 200 атты әскері мен жаяу әскер ротасына шабуыл жасайды. Патша әскеріне қазақ жасақтары күшті қарсылық көрсетіп, 7 күн бойы оларды қоршауда ұстады. Соңында жазалаушылар Калмыков бекінісіне қайтуға мәжбүр болды. Мұндай шайқас Ащыбұлақ өзені бойында майор Пироготың әскери бөлімімен де болды. 1869 жылдың наурыз-маусым аралығында көтерілісшілер билер мен болыстардың және старшындарының ауылдарына үш мыңға жуық адамның қатысуымен 41 рет шабуыл жасалады.
Көтерілістің кең етек алып кетуінен сескенген патша үкімет оны басу үшін нақты іс-әрекеттерді талап етті. Жазалаушы экспедицияны Орал облысының губернаторы Н.А. Веребкиннің өзі басқарды. Ол басқарған әскери бөлімдерде 1700 астам адам болды. Осы әскери экспедицияның нәтижесінде көтеріліс жаншылды.
Көтерілістің негізгі күші қазақ шаруалары болды. Олардың мойнына отаршылдықтың барлық ауыртпашылығы түскен еді. Көтеріліске қоғамның басқа өкілдері де қатысты, оның ішінде рубасылары мен сұлтандар да болды. Мысалы, сұлтан Ханғали Арсланұлы көтерілісшілердің жасағының бір бөлімін басқарды. Бірақ сұлтандар, болыстар мен старшындар тұрақсыздық жасады және көтерілісшілердің үмітін ақтамады. Көтеріліс басталғаннан кейін патша әкімшілігі оған қатысқандарды аяусыз жазалады.
1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалары болды. Ал көтерілістің шығуына түрткі болған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің «Уақытша ережеге» сәйкес бекінсітер салынған Ембі өзені бойындағы жайылымдарды адай руларының пайдалануына тыйым салу әрекеті еді. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукин 4 зеңбірекпен қаруланған казак әскерімен Күріп аймағында адай руларының жайлауға көшуін тоқтатуға әрекет жасады. 22 наурызда оған жауап ретінде қазақ жасақтары казак әскерін қоршап алып, талқанжап жіберді. Бұл шайқаста жарақат алған полковнк Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Казак әскери бөлімінің талқандалуы туралы хабар азаттық қозғалыстың белгісі болды. Көтерілісшілерді Каспийдегі балық және тұз кәсібіндегі жұмысшыларда қолдады. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. 5 сәуірде олар Николаев станциясы мен Александровск форпостына шабуыл жасап, Нижнее бекінісіндегі әскери горнизонының қоймаларын талқандады. Сонымен бірге, форпостын шамшырағын жағып жіберді. Қолға түскен қайықтардан кішігірім флотилия жасап, Александровск форпостын қоршауға қатысты. 9 сәуірде Кавказ әскери округінен Алекксандровск форпостына граф Кутаисовтың басшылығымен әскери күш келді.Сәуірдің соңына таман граф Кутаисовтың зеңбірекпен қаруланған үш жаяу ротасы және жүзге жуық атты әскері Үстіртке шегініп бара жатқан ауылдардың жолдарын кесуге әрекет жасады. Мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонының екі ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, Терск казактарының екі жүздігі төрт зеңбірекпен жеткізілді. Мұндай әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ жасақтары төтеп бере алмайтын еді. Қазақ жасақтарының жанқиярлық қарсылығына қарамастан, көтеріліс басылды. Маңғыстауды патша әскері басып алды. Көтеріліс басшылары М.Тіленбайұлы Д.Тәжіұлы өздерін жақтаушы ауылдарымен 1870 жылы желтоқсанда Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Көтеріліс басылганнан кейін адай руына 90 мың қой көлемінде соғыс шығынын өтеу үшін салық (контрибуция) салынды. Ресей үкіметі бұл «жағдайды Маңғыстау түбегіндегі тыныштық орнату мен жазалау емес, керісінше қайтадан басып алу» жорығы болғанын мойындады. 1873 жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліс жасады. Бұл жолы ресей үкіметі оларды Хиуа жорығына арналған түйелерін тартып ала бастаған еді.