19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


"Таза қолдар" науқанының салдарлары



бет142/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

"Таза қолдар" науқанының салдарлары. 1992 ж. ақпанында Италияда кең көлемде "таза қолдар" науқаны жүргiзiлiп, оның барысында билiктiң ең жоғарғы қабат­тары мен басты саяси партиялардыц басшылығында сы­байласқан жемқорлықтың жаппай орын алу фактiлерi ашылды. "Таза қолдар" операциясының тергеу тiзiмiне 20 мыңнан аса адам, оның iшiнде премьер-министрлер, министрлер, парламент депутаттары, саяси партиялар­дың басшылары iлiндi. 1992 ж. ақпан айынан бастап eкі жыл iшiнде 2 мыңнан аса адам пара алғандықтары үшiн айып тағылып, қамауға алынды. Оларға сотқ,а шакыру қағаздары тапсырылды. Олардың iшiнде буры­нғы премьер-министрлер Дж. Андреотти, Б. Кракси, парламент депутаттары мен сенаторлар болды. Билiктiң жоғарғы қабаттарының мафиямен байланысы туралы бұл алып сот процесi итальян қоғамын шайқалтып, Италияда Қарсыласу толқынында құрылғанан партиялық-­саяси жүйенiң күйреуiнiң бастамасына айналды.

Бiрақ "Таза қолдар" науқаны Италиядағы үш сатылы сот жүйесiнiң кағазбасылық пен созбалаушылық әpeкeттepiнiң салдарынан еш нәтижесiз аяқталды, небәрi үш айыпталушы түрмеге жабылды, ал жетекшi тергеу­шiлер iстен аластатылды. Дегенмен бұл жанжалдар екiншi дуниежузiлiк соғыстан кейiн қалыптасқан партиялык-саяси жуйенің күйреуiне әкелiп соқты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет