Солшыл центризмге бетбұрыс. 60-жж. бас кезiне қарай центризм өзiн сарықты. 1960 ж. Тамброни үкметі парламентте өкiлдерi бар оңшылдар мен неофашистердiң тараптарынан көмек iздей бастады.
Бiрақ, ХДП iшiнде қоғамның демократиялық, күштерi талап еткен әлеуметтiк реформаларды iске асыру қажет деп тапқан баска топ белсендiлiк көрсете бастады. Социалистiк партияны ХДП-ның солшыл қанатымен бiрлесiп, елдi басқаруға тарту (социалистер де "кнопкалы бөлмелерге кiрудi" аңсап жүрген) жобаланды. Осы негiзде Италияда 60-жж. басында солшыл центрлiк одақ құрылып, ол реформалар бағдарламасын (электростанцияларды мемлекет қарамағына алу, экономиканы бағдарлау, аграрльқ реформа, бiлiм беру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерiн реформалау, облыстық автономия енiзу) ұсынды. Бұл саясат солшыл центризм деп аталды. Солшыл центризм саясаты, былайша қарағанда түкке турмайтын мәселеге сүрiнiп, өзiн-өзi сарықты. 1972 ж. неке ажырасу туралы заң қабылданды. Католиктiк Италия yшiн бұл аса маңызды мәселе eдi. Миллионнан аса ажырасқан отбасылар өздерiнiн мүлiктiк және басқа да маселелерiн шеше алмай қиналыс тапты. Ватиканның қолдауына байланысты ХДП құрамында бұл заңға күштi қарсылық бар болатын.
Бiрақ ажырасу туралы заң солшыл центризм дағдарысының себебi емес, тек сылтауы ғана eдi. Италия өзiнiн күрделi әлеуметтiк мәселелерiн ең басты солшыл күш - коммуниcтiк партияның қатысуынсыз шеше алмас eдi. Елдегi ұдайы саяси түрақсыздық үкмет дағдарыстарынан көрiнic тапты. 1948 жылдан бастап 30 жыл iшiнде 40 үкмет кабинетi ауысты.
Достарыңызбен бөлісу: |