19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет148/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

70-жж. Америка. Бұл жылдары бүкіл дүние жүзі сиякты АҚШ-та ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңінде экономикалық және әлеуметтік саясаттың ауысуы нәтижесінде пайда болған дүниежузілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстарға байланысты ірі құрылымдық өзгерістерді басынан кешірді. Сонымен бірге осы кезде АҚШ-та саяси жанжалдар мен Вьетнамдағы жеңілісі үшін күйзеліс (вьетнам синдромы) орын алды.

1968 ж. сайлауда республикашылар жеңіске жетті. Ричард Никсон президент болып сайланды. 1972 ж. ол бұл орынға қайта сайланды, бірақ 1974 ж. президент орнынан кетуге (демократтардың штаб-пәтеріне Никсонның адамдарынын тыңдаушы кондырғылар орнатқандығына байланысты Уотергейт жан-жалы) мәжбүр болды. 1976 ж. президент болып демократиялық партияның кандидаты Джимми Картер сайланды. Американ үкіметтерінің экономикалық саясатында кейнсілшіктен бастап, неоконсерватизмге дейін маңызды ауытқышылықтар орын алды. 70-жж. әртүрлі көмек көрсету жүйесі өріс алды: табыстары кедейліктің ресми деңгейінен төмен отбасылар мемлекеттен арнайы көмек алып тұруға құқылы болды, бұл жәрдемақылар әлеуметтік қауыпсыздандыру жүйесін толықтырды. Одан басқа азык-түлік тағамдарын үлестіру жүйесі жұмыс істеді. Билілтің әр-түрлі тармақтарынан көмек алушы адамдардың жалпы саны 70-жж. ортасында 33 миллионға жетті. Дәл осы кезде Никсон әкмшәләгә кәсіподақтарға қарсы қатан саясат жүргізіп, олардың белсенділігін тежеуге арналған бірнеше заңдар қабылдады.

Республикашылдардьң сыртқы саясаты да қайшылыктарга тола болды. Вьетнамдағы соғысты, жеңіске жете алмайтындығына көз жеткеннен кейін, 1973 ж. тоқтауға тұра келді. 70 жж. кеңес-американ қатынастарында елеулі өзгерістер болды. Мәскеуде КСРО мен АҚШ арасында Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы шартқа және стратегиялық шабуыл қару-жарақтарына шектеу қою саласыпда кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды (ОСВ—і). Кейінірек стратегиялық қару-жарақтарды қысқарту жөніндегі келісім (ОСВ-2) жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет