19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Реконверсия жене мемлекеттік саясаттың соғыстан соңғы бағытын таңдау



бет146/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Реконверсия жене мемлекеттік саясаттың соғыстан соңғы бағытын таңдау. Бейбіт өмірге оралу реконверсия немесе кері қайта құру деп аталды және мемлекеттік саясат пен ондаған миллион американдықтардың өмірлеріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Миллиондаған солдаттар отбасыларына және бейбіт өмірге қайта оралды. 1947 ж. армия қатарында 12 миллион солдаттың тек 1 миллионы ғана қалды. Армия қатарынан оралған солдаттарды жұмысқа орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі мәселелерінің бірі болды. Соғысқа қатысқандарды орналастыру мәселесі бойынша бірнеше заң және үкімет шешімдері қабылданды. Соғыс кезіндегі баға мен еңбекақына орнатылған бакылауды біртіндеп алып тастау, "толық жұмыспен қамтамасыз ету", енбекақының сағаттык төлем мөлшерін арттыру, салыктарды қайта қарау сияқты аса ірі шешімдер қабылданды.

Соғыстан кейінгі қайта құруда көп дау туғызған мәселелерінің бірі соғыс кезіндегі салынған мемлекеттік зауыттардың келешегі туралы мәселе болды. Бұл жерде әңгіме американ экономикасындағы мемлекеттік сектордың тағдыры туралы кетерілді. Соғыстың 5 ж. ішінде мемлекет өңдеуші өндірісті зауыттарын салуға і7 млрд доллар жұмсап, 2800-нан аса кәсіпорын салдырған болатын. Бір жылдан кейін олардың барлығын 250 корпорация жарты бағаларына сатып алды.

Ірі бизнес АҚШ-тағы өндіріс капиталының басты өкілі болды, мұнда Еуропадан ерекшелігі бұл салада мемлекеттік сектор жоқ еді. Дегенмен соғыстан кейінгі жылдарында мұнда ұсақ және орта кәсіпорындардын секторы да едәуір өріс алды. Елде 9 млн жеке меншік фирмалар жұмыс істеді.

Г.Трумэн әкімшілігінің ишкі саясаты қайшылыктарға тола болды. 1946 ж. қосымша сайлаулар мен қайта сайлаулардың нәтижесінде демократтардың реформистік саясаты мен рузвельттік реформалауға қарсы шықкан республикашылардың позициялары күшейе тусті. 1947 ж. конгресс кәсіподақ қызметін және ұйымдар құру, ереуілдер ұйымдастыру құқын елеулі мөлшерде тежеген. Тафт-Хартли заңын қабылдады. Бұл АҚШ саяси өмірінің жалпы оңға бетбұрыс жасағандығының көріністері болды. Бұған кенеске қарсы науқандарды, сенатор Маккарти ұйымдастырған бейтараптықты тексеруді (50 ж. саяси шыдамсыздық көрінісін білдіретін "маккартизм" ұғымы осыдан шыққан) қосуға болады. 1948 ж. президент сайлауында Г.Трумэн "әділетті бағыт" бағдарламасын ұсынды. Сайлау алдында Трумэн Тафт-Хартли заңына тиым салып, оны жоюға әлеуметтік қамтамасыздандыруды кеңейтуге уәде берді. Бірақ президент тиымына қарамастан, Тафт-Хартли заңы екінші рет конгресс арқылы қабылданды, қара нәсілді американдардың азаматтық құқыктары туралы, денсаулық сактау қауыпсыздандыруын енгізу, оқу орындарына мемлекет тарапынан кқмек беру туралы т.б. заңдар қабылданбай қалды.

"Қырғи қабақ" соғыстың басталуы, КСРОмен теке тірес және Еуропадағы капитализмнің іргетасын қайта қалпына келтіруге қамкорлық жасау елдің ішіндегі реформашылдық әрекеттердің қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Ақырында, АҚШ 1950 ж. маусымында басталган Корея соғысына араласты.

1952 ж. президент сайлауының қарсаңында демократиялық партия елге Рузвельт саясаты қалдырған реформашылдық мұраның көп белігінен айырылып қалган болатын. Көп жылдар бойына оппозицияда болып кел-ген республикалық партияға үкімет басына келу мумкіндігі туды. Республикашылдар бұрын ешқандай партияға қатысы жоқ атақты генерал Д.Эйзенхауэрді кандидат болуға шакырды. Ол Кореяга барып, көпшілік қолдамайтын соғысты тоқтатуға уәде берді. Бұл сайлауда республикашылдарға жеңіс әкелді. Д.Эйзенхауэр президенттікке 1956 ж. қайта сайланды. Осы жж. (1952— 1960) республикашылдар әкімшілдігі мен оппозициядағы демократиялық партиялардың арасында саяси бағыт са-ласында ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалмады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет