19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет147/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

60-жж. реформашылдық. Эйзенхауэр әкімшілдігі 50 жж. аяғында сенатор Маккарти баскарған сенаттың қосалқы комиссиясы тарапынан демократияшыл қайраткерлерді шектен тыс қудалауға тиым салды. Аты дүние жузіне соғыс қаупін төндірген дүдәмел тұжырымдармен тығыз байланысты мемлекеттік департаменттің басшысы Даллес қызметінен кетті.

Америкаға жаңару қажет болды. 1960 ж. президент сайлауы қарсаңында демократтар осыны ұсынды. Олар Джон Кеннеди ұсынған — "жаңа шептерге" деген ұранмен жеңіске жетті. Кеннеди мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік қызметін бөлсенділендіру жөніндегі кейнсшілдік теорияны қолдады. Оның "жаңа шептер" жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы "тиімді сұраныс" туралы кейнсшілдік теорияның арнасында болды және жаппай тұтынудың тепетендікте болуын көздеді.

1963 ж. 22 қарашасында Кеннедидің өлтірілуі Ақ үй басшысының ауысуына әкеп соқты. Ол вице-президент Линдон Джонсон еді. Ол өзінің алдындағы президенттің саясатын жалғастырды. АҚШ-та аса маңызды әлеуметтік реформалар жүйеге асырылды. "Кедейлікпен күрес" бағдар-ламасының негізінде табысы аз отбасыларына көмек көрсету туралы заң қабылданды, арзан үйлер салу, біпім беру жүйесін дамыту бағдарламалары іске асырылды, жасы ұлғайған азаматтарға медициналық қаүіпсіздендіру енгізілді, ал табысы кедейшілік деңгейінен төмен отба-сылар медициналық көмек көрсетуде жеңілдіктерімен пайдаланатын болды. Нәсілшілдік кемсітуге шектеу кою жөнінде де маңызды және өмірге сай келетін заңдар қабылдады. Бұл кемсітушілікке аса күшті әлеуметтік қарсылық қозғалысы — қаранесіл американдықтардың бас көтерулеріне жауап шаралар болды. Қозғалысқа Мартин Лютер Кинг басшылық жасады. Бұл заңдардың ішіндегі ең маңыздысы 1964 ж. жұмысқа жалдау және көпшілік орындарда қызмет көрсету кездерінде кемсітушілікке тиым салу туралы заң болды. 1965 ж. қаранәсілді американдықтардың сайлау құқытарын қорғау туралы заң, ал 1968 ж. тұрғын үйлерді сату және жалға беру кезінде нәсілдерді кемсітуге тыйым салу туралы заң қабылданды.

Еңбек қатынастарына байланысты бірсыпыра шаралар қабылданды, олардың ішінде "Әділетті жалдау және еңбек жағдайлары туралы" заңды атап өтуге болады. Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік шығындарды анағұрлым арттыруды талап етті. Осы әлеуметтік мақсаттарға 60-жж. федералдык бюджеттің 40% дейін жұмсалды.

Бірақ әлеуметтік бағдармалардың іске асырылу барысында тіпті АҚШ сиякты бай капиталистік елде де елеулі кедергілер мен жетіспеушіліктер орын алды, бұл сыртқы саяси мәселелерге байланысты болды. 60-жылдар аяғында АҚШ-тан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта орналаскан Вьетнамда 500 мыңдай американ армиясы соғысып жатты. Вьетнамға интервенция жасау келесі президент пен конгрес сайлауында демократтарға жеңіліс таптырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет