Р.Рейган үкіметі (1980—1988 жж.). "Рейганомика". Республикашылдар партиясының жеңісі және президенттік қызметке Калифорнияның бұрынғы губернаторы және голливуд актері Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясат салаларында консерватизмге бұрынғыдан да гөрі белсенді бетбұрыс жасаумен ерекшеленді. Рейган әкімшілігі шығындарды азайту мен бюджеттік тепе-тендіктің қатал монетарлық саясатын жүргізді. Сонымен бірге мемлекеттік реттеу аясы тарылды, бұл бағаны бақылаудан бас тартулардан қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарда белгіленген кәсіпкерліктерге қойылған шектеулерді алып тастаудан көрініс тапты. 1983 ж. американ экономикасы дағдарыстан шығып, оның жаңа технология мен ғылыми зерттеулерді өндіріске еңгізу жолындағы жедел дамуы басталды. Жұмыссыздық 10 млн адамнан 7 млн дейін азайды. Жүзден аса әлеуметтік бағдарламалар штаттардың қарауына берілді және бірыңғайландырылды. Бірақ әлеуметтік саясат бұрынғыша жургізіле берді, 30 млн. аса американдықтар сол күйінше мемлекет тарапынан әртүрлі көмектерге мұқтаж болды.
Рейган әкімшілігі кәсіподақтарға қарсы бағытталған катаң саясат ұстады. Ауа желісі диспетчерлерінің ереуілі күштеп басылды, кәсіподақ таратылды, ереуілге қатысушылар жұмыстан шығарылды. Онсыз да көп жылдар бойына дағдарысты бастарынан кешіріп отырған кәсіподақтар үшін бұл өте ауыр соққы болды.
1955 ж. АЕФ КПП қатарында 16 млн.адам, яғни ауыл шаруашылығынан басқа салалардағы жұмыс қолының 32% бар болатын. 1992 ж. бұл сан өзгермесе де, ұжымдасқан жұмысшылардың үлесі 15% дейін қысқарды. Кәсіподақ қозғалысы енбекақының сақталуы үшін күрес-тен бас тартты, бұл 80-жж. нақты еңбекақының кемуімен келісу деген сөз еді. Кәсіподақ қозғалысының құлдырауына еңбекке жарамды халыктың құрамындағы құрылымдық өзгерістер де себеп болды. Түрлі қызметтер көрсету, ғылым, ағарту, денсаулық сақтау, қаржы-қаражат, ақпарат қызметі т.б. салаларда жұмыс істейтіндердің саны тез өсті. Бірақ тікелей тауарлар мен тұтыну заттарын шығарушы өндіріс салаларында істейтіндердің саны қысқарып кетті, кәзіргі кезде өндірісте жұмыс істейштіндердің үштен бірі ғана шоғырланса, ғасырдың аяғында олардың үлесі 20% дейін азаймақшы.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең анық байқалды. 80-жж. бірінші жартысында АҚШ сыртқы саясатында теке тірес процестері басым болды, КСРО-мен екі арадағы қарама-қарсы тұрушылық, әсіресе 1979 ж. кеңес әскерлерінің Ауғанстанға еңгізілуі, 1981 ж, Польшада соғыс жағдайы жарияланғаннан соң, сонымен бірге Онтустік-Шығыс Еуропаның кейбір социалистік елдері мен КСРО-ның батыс аудандарында СС-20 ракеталарын орналастырудан жанталаса қаруланудың жаңа кезеңі басталып, оның космосқа таралу қауіпі туды. АҚШ Батыс Еуропаға қанат-ты ракеталар мен орта қашықтық ракеталарын орналастыра бастады. Тек 80-жж. екінші жартысында ғана келіссөздердің нәтижесінде қарама-қарсы тұру тұйығынан шығудын жолдары қарастырыла басталды.
АҚШ пен КСРО басшыларының 1986 ж. Рейкьявиктегі кездесуінен кейін өзгеріс басталды. 1986 ж. желтоқсанда Вашингтонда КСРО мен АҚШ арасында орта және қысқа қашыктық ракеталарын жою туралы шартқа қол қойылды. Содан соң 1991 ж. Буш әкімшілігі кезінде Мәскеуде екі елдің стратегиялық шабуыл қаруларының үштен бірін қысқарту туралы шартқа қол қойылды. Бұл стратегиялық мақсаттағы қаружарақтардың қысқартудың басталуы екі ел арасындағы қарама-қарсылықтан бейбітшілік пен ынтымақтастық жолдарын іздестіруге бетбұрыс болды. Бұған 1988 ж. ақпанында кеңес әскерлерін Ауғанстаннан әкету мен 1989—1991 жж. бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар әсер етті, нәтижесінде жаңа геосаяси жағдай орнап, "қырғи қабақ" соғыс аяқталды.
1988 ж. президент сайлауында республикашылар тағы да жеңіске жетті. Рейганның саясатын оның кезінде елде вице-президент қызметін атқарған Дж.Буш жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |