19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет163/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

1970-1973 жж. Чилиде революциялық дамудың басқа нұсқасы қолданылды. Мұнда солшыл күштер – социалистер, коммунистер, радикалдар және олардың одақтастары «Халық бірлігі» одағына бірікті және бейбіт конституциялық жолмен билік басына келуге және революциялық өзгерістер жасау арқылы социализмге көшуге әрекеттенді. Бұл мақсатқа демократиялық бостандықтарды, көппартиялықты және жеке меншіктерді сақтай отырып жету жоспарланды. 1970 ж. 4 қыркүйектегі президент сайлауында жеңіске жеткен Чилидің солшыл күштері президент-социалист Сальвадор Альенде бастаған «Халық бірлігінің» үкіметін құрды (1970 ж. қараша – 1973 ж. қыркүйек).

Үкімет белгіленген бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бірақ әл-ауқатты топтардың қырсылық көрсетулеріне солшыл күштердің араларындағы алауыздықтың күшеюіне, халықтың әжептәуір бөлігінің үкіметті қолдаудан бас тартуына себеп болған революцияшыл шыдамсыздық пен эстремизмнің күшеюіне байланысты «чилилік эксперимент» сәтсіз аяқталды. 1973 ж. 11 қыркүйекте Альенде үкіметі әскери төңкеріс нәтижесінде құлатылды да, оның өзі президент сарайын қорғау барысында опат болды. Чилиде генерал Аугусто Пиночеттің (1973-1990) диктатурасы орнады.



«Прогресс жолындағы одақ». Латынамерикалық дәстүрлі қоғамның дағдарысы мен революциялық және демократиялық қозғалыстардың дамуы Вашингтонның латынамерикалық саясатына өзгерістер енгізді. АҚШ президенті Джон Кеннеди «Прогресс жолындағы одақ» бағдарламасын ұсынып, оны 1961 ж. тамызда 19 латынамерикан республикасы қабылдады.

Бағдарлама 10 жылға есептелген болатын. Ол жедел индустрияландыруды, экономиканың аграрлық-шикізат тауарларын шетке шығару мен машина және құрал-жабдықтарды шеттен әкелуден тәуелділігін азайтуды қарастырды. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, аграрлық реформа жасау, тұрғын үй құрылысын дамыту, денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерін жақсарту шаралары қарастырылған болатын. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін АҚШ 20 млрд. мөлшерінде несие және басқа да жәрдем беруге уәде еткен еді.

Саяси өмірді демократияландыру саласында «Прогресс жолындағы одақ» мардымды ештеңе істей алмады. Керісінше, 60 жж. Парагвай, Гаити т.б. елдерде диктаторлық режимдер өмір сүрді. 1963-1966 жж. төңкерістер нәтижесінде Гватемалада, Гондураста, Доминикан республикасында, Боливияда, Бразилияда, Аргентинада әскери-диктаторлық режимдер орнады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет