19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


ХХ ғ. екінші жартысындағы Латын Америкасы елдері



бет160/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

ХХ ғ. екінші жартысындағы Латын Америкасы елдері

  1. Латын Америкасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін. Ұлтшыл-реформизм.

  2. Революциялық процестер. кубадағы және Чилидегі революциялар. «Прогресс жолындағы одақ».

  3. 70-80 жж. әскери режимдердің жаңару саясаты.

  4. Куба 90 жж.


Ұлтшыл–реформизм. Аймақ елдерінің соғыстан кейінгі онжылдықтар ішіндегі тарихы қоғамдық дамудың консервативтік, реформистік және революциялық баламаларының арасындағы күрестерге толы болды.

Латын Америкасы елдерінің соғыс кезінде және соғыстан соңғы жылдардағы өнеркәсіптік дамуларының олар үшін қолайлы сыртқы экономикалық жағғдайлар (олардың өнімдерінің бағаларының жоғары болуы) туып тұрған кездегі табыстары ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның күшеюіне себеп болды. Олар шетел капиталы мен көбінесе ауыл шаруашылық шикізатін экспорттау шаруашылығымен байланысты дәстүрлі буржуазиялық-помещиктік олигархияны ығыстыруға, ұлттық экономиканың жедел дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылды. Мұндай ниеттер орташа таптар, ұсақ буржуазия, еңбекшілер тарапынан қолдау тапты.

Осы негізде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұқаралық ұлтшыл-реформистік партиялар мен қозғалыстар өріс алды. Олар экономикалық және әлеуметтік прогреске, әлеуметтік әділеттілікке жету, өз елдерінің егемендігін нығайту үшін күреске шақырды.

Осы сипаттағы қозғалыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және ықпалдысы Аргентинадағы перонизм – полковник, кейіннен генерал Хуан Доминго Перонның жақтастарының қозғалысы болды. Өзі белсенді түрде қатысқан 1943 ж. 4 маусымдағы әскери төңкерістен соң Перон Аргентина үкіметінде беделді ықпалға ие болды. Ол тәуелділік пен мешеулікмен құтылу және таптардың ынтымақтастығы негізінді әділетті, гүлденген қоғам орнату үшін аргентин халқын бірлікке шақырды. Перон империализм мен олигархияны сынады, тұрмысы нашарларды қорғауға шақырды. Ол өзін халықты соңынан ерте білетін шебер саясаткер және дарынды шешен ретінде көрсете білді. Аргентина еңбекшілерінің сан миллиондаған қалың бұқарасы оны өздерінің қорғаушысы және қамқоршысы деп таныды. Перонның басты арқа сүйері елдің ұлттық кәсіподақ орталығы – Жалпы еңбек конфедерациясы (ЖЕК) болды. Бір мезгілде Перон олардың мүдделерін қорғап, үкімет бақылауымен жұмысшылармен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге уәде беріп, кәсіпкерлердің қолдауына ие болды.

1946 ж. ақпанда болған Аргентинадағы жалпыға бірдей сайлауда консерваторлардан бастап комунистерге дейін барлық дәстүрлі партиялар Перонға қарсы бірікті. Бірақ Перон дауыстардың 54 % алып, президентікке сайланды. Бұл қызметте ол 9 жыл (1946 ж. маусым – 1955 ж. қыркүйек) отырып, елді авторитарлық әдістермен басқарды.

1947 ж. перонистік қозғалыс билеуші Перонистік немесе Хустисиалистік партияға («хустисиализм» – «әділет») бірікті. ЖЕК-ның өкілдері үкімет құрамына енді, парламенттің – Ұлттық конгрестің жұмысына қатысты. Перон жұмысшылардың жалақысын арттарды, жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз етуді, ақылы демалыс енгізді. Еңбекшілердің конституциялық құқықтары конституцияға енгізілді. Перон үкіметі шетелдік компаниялардан сатып алып, темір жолды, телефон, Орталық банк тағы басқа да бірсыпыра кәсіпорындарды мемлекет қарамағына алды. Экономикалық дамудың бес жылдық жоспары жасалды, бірнеше өндіріс кәсіпорындары, транспорт магистральдары салынды, ұлттық капиталға қолдау көрсетілді.

50 жж. ортасында Аргентина эскпортына баға төмендеп, одан түсетін табыстардың қысқаруына байланысты кең көлемді әлеуметтік және экономикалық саясатты әрі қарай жалғастыра беру мүмкіншіліктері шектелді. Осы жағдайларды пайдаланып, Перонның қарсыластары 1955 ж. қыркүйекте әскери төңкеріс жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет