19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Африканың отарсыздандырылуы



бет158/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Африканың отарсыздандырылуы. Басқаларға қарағанда Африка отаршылдықтан кейінірек азат болды. Солтүстік Африкада Жерорта теңізі аймағында Франция өздерінің отаршылдық мәселелерін қиыншылықпен шешті. 1956 ж. Француз үкіметі Марокко мен Туниске тәуелсіздік берді, ал 1 млн. шамасы француздар тұратын Алжирден Алжирді азат ету майданының көтерілісшілерімен сегіз жыл соғысқаннан кейін (1954-1962) кетуге тура келді. Африка отарсыздану процесіндегі шешуші оқиғалар 1960 ж. орын алды, сондықтан да 1960 ж. «Африка жылы» деп аталды.

1960 жылдың басында 45-тей тәуелсіз мемлекет пайда болды. Кейінірек 1974 ж. Португалиядағы авторитарлық режим құлағаннан соң, Ангола мен Мозамбик өз тәуелсіздіктерін қарулы күрес барысында жаулап алды. Құрлықтың ірі елдерінің ішінде ең соңғысы болып 1990 ж. намибия бостандық алды.



Қытай. 1946-1949 жж. азамат соғысында Қытай коммунистік партиясы жеңіске жетті. Гоминьдан мен Чан Кайшидің жеңілуінің бірнеше себептері болды. Жапондарға қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясы мен үкіметі өз беделдерін түсіріп алды, гоминьданның реформашылдық саясаты сарқылды. Қытай шенеуніктері үшін үйреншікті сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы жағын аздырды, сөйтіп олар жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шықты. Соғыс аяқталғаннан кейін компартия қалың бұқараға түсінікті, қарапайым ұран көтере білді. АҚШ-тың осы кезде гоминьданға көрсеткен көмегі мардымсыз болды.

1949 ж. қазанда Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін социалистік құрылыс басталды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды. Аралас экономика құрылды: ішінара мемлекет қарамағына алу арқылы мемлекеттік сектор пайда болды, ол жеке кәсіпкерлікпен қатар өмір сүріп отырды. Бірақ 1958 ж. шешуші бетбұрыс – «үлкен секіріс» басталды. Қытай Коммунистік партиясы басты бағыты дамуды шапшаңдатып, қысқа мерзім ішінде коммунистік қоғам орнату болды. Индустриаландыру жедел қарқынмен жүргізіліп, барлық өнеркәсіп иелерінен сатып алынып, қоғамдастырылды, теңдей бөлісу принципі енгізілді.

Осы кезеңде кеңес-қытай қатынастары шиеленісті. ҚКП ОК төрағасы Мао Цзедун дүниежүзілік революцияның келуін тездету мүмкін деп есептеп, компартияларды батыл қимылдар жасауға итермеледі. Бұл арандатушылық бағыт көтеріліс бастаған Индонезия компартиясын толық жойылып кетуіне себеп болды. «Үлкен секіріс» сәтсіздікпен аяқталды. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірістері қысқарып кетті. Елге аштық қаупі төнді. Мао Цзедун партияның ішінде оппозицияға тап болды. «Мәдени революция» деген басталып, оның барысында «ұлы жолбасшыға» шексіз берілген жастар отрядтарының көмегімен Мао және оның жақтастары партия кадрларын қуғынға ұшыратып, көпшілігін жойып жіберді.

1976 ж. Мао Цзедун қайтыс бола салысымен билік үшін күрес күшейіп, ел азамат соғысының алдында тұрды. Бұл күресте «мәдени революция» кезінде қуғынға ұшыраған Дэн Сяопин бастаған топ жеңіске жетті. ҚКП жаңа басшылығының әрекеттерінің бағдарламасы реформалар жасау болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет