ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫ
Бекітемін
ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник Айтов А.С.
«___»_____________ 20___ж.
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
қоғамдық – гуманитарлық бағыт
Пән: Алғашқы әскери дайындық
Мамандығы: 0301000 - Емдеу ісі
0304000 – Стоматология
0302000 – Мейірбике ісі
Курс: I
Семестр: 1 – 2
Сағат саны: 140
Шымкент 2013
Қазақстан Республикасының 4.05.145-2010 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестендіріп құрастырылған. ҚР МЖМБС негізінде
Жалпы білім беретін, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 1-курстарға арналған «Алғашқы әскери дайындық» оқу бағдарламасы.
Кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама №_________ «____» _____________20___ж.
Жұмыс бағдарламасы әдістемелік Кеңесінде бекітілді
Хаттама №_________ «____» _____________20___ж.
І. ТҮСIНІК ХАТ
Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.
Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiлед:
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi;
әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы;
қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы;
төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi.
«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері:
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Рсепубликасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау;
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру;
оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау.
Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат, міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.
Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпыдидактикалық ұстанымдар: табиғи үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды. Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Көрнекілік ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың «болуын» көрсететін барлық көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады.
Белсенділік ұстанымы мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, ісәрекеттік бағдарланған ұстанымдары.
Тұлғалық бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді.
Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге деген мағыналық қарым-қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы.
Әрекетке бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы (спонтанды) дамуға сүйену ұстанымы, креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін қалыптастырушы ұстаным.
Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т.б. үдерісінде қажетті материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
ҚР МЖМБС 4.05.145-2010 2 сағат және 4 сағат практикалық жаттығулар мен нормативтерді тапсыруға арналған, барлығы оқу жылында 140 сағат.
Қыздармен өткiзiлетiн алғашқы әскери дайындық сабағы жекеленген сабақтарды қоспағанда ер балалармен бiрге өткiзiледi. Ер балалар мен қыздарға жекеленген және бiрiктiрiлiп өткiзiлетiн сабақтар №1 кестеде көрсетiлген.
Үйренушiлердiң практикалық дағдылары мен біліктілiктерін қалыптастыру мақсатында нормативтер мен жаттығуларды орындауын тексеру үшiн бақылау жұмыстарына 4 сағат көлемiнде уақыт қарастырылған.
Бақылау сабағының материалдары №2 кестеде алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер және жаттығулар тiзбесімен ұсынылған.
Оқу пәні мазмұнының вариативтік бөлігі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Мектептің мүмкіндігін және білім алушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, мұғалімдер таңдау сабақтарын құрастырады. Мысалы, «Қауіпсіздік әр күні», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігінің негізі», «Білім және салауатты өмір салты» және т.б.
ІІ. оқу пәнінің базалық мазмұны
Оқытудың базалық мазмұнның тарауларына сағат санын көрсете отырып сипаттама беру
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы
Кіріспе
Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері. Қазақстан Республикасының Заңдары: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы». Алғашқы әскери дайындық оқулығы мен бағдарламасының міндеттері, мазмұны.
Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.
Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы. Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері мен даму перспективалары. Қазақстан әскери саясатының жалпы принциптері және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Қарулы Күштердің қоғамдағы және мемлекеттегі орны. Әскери қолданбалы спорт түрлері - жастарды әскери қызметке даярлаудын негізі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, олардың тағайындалуы және құрамы.
Әскери қызмет – сарбаздарда патриотизм мен интернационализм қасиеттерін тәрбиелейтін мектеп.
Қазақстан Республикасының мемлекетік нышандары. Әскери бөлімінің жауынгерлік туы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің әскери анты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы Әскери Жарғылары.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары: Тәртіптік Жарғының мәні мен маңызы, әскери тәртіпті сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының мәні мен маңызы, әскери қызметшілердің мінез-құлқы мен әскери әдептілігі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Тәуліктік кезекшінің міндеттері. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызмет үшін объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау. Сақшының міндеттері.
Тактикалық дайындық
Әскери өнер тактикасының дамуы және бөлімшелердің әскери әрекеттер жүргізу тактикасы. Жаңа қарудың дамуы және жалпы әскери ұрыс жүргізу тактикасы.
Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс мақсаты, сипаты мен міндеттері.
Ұрыс жүргізу принциптері мен қарсыласқа зақым келтіру құралдары.
Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру. Мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстағы мүмкіндіктері мен жауынгерлік міндеті. Қорғаныстағы бөлімше. Шабуылдағы бөлімше. Мотоатқыш бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті. Сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеті. Бақылаушы-сарбаз. Қорғаныстағы сарбаз. Шабуылдағы сарбаз.
Атыс дайындығы
Атыс негіздері. Автоматтың (пулеметтің) тағайындалуы мен ұрыстық қасиеті.
Автоматтың (пулеметтің) жұмысы және жалпы құрылғысы мен бөліктері туралы түсінік.
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.
Автоматтың (пулеметтің) бөліктері және механизмдерінің жұмысы.
Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.
РГД-5, Ф-1, РГО, РГН гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті.
Гранаттар, оқ-дәрілер және қару-жарақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру.
Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру.
Атыс қаруынан атыс жүргізу және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау.
Саптық дайындық
Сап және элементтер. Алдын-ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!».
Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар. Қозғалыста және орнында тұрып әскери сәлемдесу.
Бөлімше сабы. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше. Бөлімшенің жазылма және жорықтық сапқа тұруы.
Қарумен саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Бауды босат (тарт)!», «Автоматты-кеудеге!», «Қаруды-арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!».
Қарумен қозғалыста бұрылу, саптан шығу және оған қайтып келу.
Әскери топография
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Өзінің тұрған нүктесін анықтау. Жергілікті жерді оқып үйрену, қозғалыс маршрутын таңдау және маршрутта бағдарларды анықтау. Азимут бойынша қозғалу. Жергілікті жерде компастың көмегімен қозғалу және маршрутта кедергілерді айналып өту.
Азаматтық қорғаныс
Азаматтық қорғанысының медициналық міндеттері. Оқу орындарында құрылған азаматтық қорғаныстың қалыптасуы және олардың мақсаты. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің ұйымдастырылу және міндеттері. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін іс шаралары. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы. Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік. Азаматтық қорғаныс жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсету түрлері. Негізгі дүлей апаттың сипаттамасы және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.
Медициналық білім негіздері
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама. Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы туралы түсінік. Шок. Шоктың пайда болу себептері. Жарақаттық шоктың белгілері және ауырлық дәрежесі.
Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем. Жгут салу үшін пайдаланатын материалдар. Жгут салудың әдістері. Венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері. Таңғыштың түрлері. Бинтті таңғыштың негізгі типтері. Бекіткіш таңғыш.
Басқа, кеудеге, ішке, шапқа (бұт арасына), аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері.
Бас сүйегі мен мидың, кеуде клеткасы мен іштің жаралануы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.
Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сынық түрлері мен олардың асқынулары. Жарақаттық уыттану туралы түсінік және олардың белгілері.
Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы және олардың белгілері. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері. Жақтау салудың негізгі ережелері. Бас сүйегі, бұғана, қабырға сүйектері, омыртқа сүйектері, жамбас сүйегі, аяқ және қол сүйектері сынған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің тәсілдері.
Жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы және сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.
Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
Өкпеге жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері.
Оқу материалын тақырыптық жоспарлау үлгісі
Кіріспе сабақ
Тақырыбы: Жастардың алғашқы әскери дайындығының мазмұны, мақсаты мен міндеттері (1 сағ)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.
І Тарау
Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде
1-тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі»
Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. Қарулы Күштердің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері.
2 - тақырып «Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы»
Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу. Егемен Қазақстанның даму перспективалары.
3 – тақырып «Отанды қорғау – мемлекеттің маңызды қызметі»
Әскери қызметшілерге әскери анттың талаптары.
Әскери ант қабылдау. Әскери қолданбалы спорт түрі - әскердегі қызметке жастарды дайындаудың негізі. Отан қорғау – бүкіл халықтық іс.
4 - тақырып «Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны»
Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі Заңы.
Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны.
5 - тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің жауынгерлік туы»
Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Әнұраны – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы.
6 - тақырып «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет – патриотизм мен интернационализм мектебі»
Әскери қызмет – жауынгерлерді патриоттық және интернационалистік қасиеттерге тәрбиелеудің факторы. Азаматтық борыш пен интернационализмге адалдық - әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі жауынгерлік дайындықты арттырудың шешуші шарттары.
7 – тақырып «Қазақстанның қазіргі армиясы»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, оның құрамы мен тағайындалуы. Жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.
ІІ Тарау
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жарғылары
1 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары - әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғысы туралы түсінік. Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.
2 - тақырып «Тәртіп және әскери құқық»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы - әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері туралы.
3 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет жарғысы»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және оны айыру белгілері. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.
Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.
4 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.
5 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы»
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.
6 - тақырып: «Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру»
Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.
7 - тақырып «Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау»
Пост және оның жабдықталуы. Постыдағы сақшы қаруының жағдайы.
8 - тақырып «Сақшының міндеттері»
Сақшының міндеттері. Қарауылда қаруды оқтау және оғын алу тәртібі. Пост қабылдау және тапсыру, постыда немесе оған жақын жерде өрт шығу кезіндегі сақшының іс-әрекеті. Сақшының қару қолдану тәртібі. Постыға немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекеті.
ІІІ Тарау
Тактикалық дайындық
1 - тақырып «ХХ - ғасырға дейінгі әскери өнердің және қарулы күштердің дамуы»
ХХ-ғасырға дейін Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі Қарулы күштердің дамуы және тұрақты армияның пайда болу себептері. Әскери өнердің және әскерлермен әскери іс-қимылдар жүргізу тактикасы дамуы.
2 - тақырып «Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы»
Жаңа қарудың дамуындағы тарихи кезеңдер. Қазіргі қаруларды қолдану тактикасының ерекшеліктері. Жалпы әскери ұрыс тактикаларын жүргізу және жаңа қарудың даму бағыттары.
3 - тақырып «Қазіргі заманғы ұрыстын сипаттамасы»
Жалпы әскери ұрыс сипаттамасы, мақсаты мен міндетітері. Жалпы әскери ұрыс жүргізудің негізгі принциптері және қарсыласқа зақым келтіру құралдары.
4 - тақырып «Ұрыстық іс әрекеттердің негіздері және мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастырылуы»
ЖҰМ (СТР)-дағы мотоатқыштар бөлімшесінің тағайындалуы және ұйымдастырылуы, оның штаттық қару-жарағы.
5 - тақырып «Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі»
Ұрыстың негізгі түріндегі мотоатқыштар бөлімшесінің мүмкіндіктері және жауынгерлік міндеттері.
6 - тақырып: « Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті»
Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Жаяу ретте іс әрекет кезіндегі ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.
Атысқа арналган орынды таңдау. Бақылауға және атуға арналған орынды (жатып атуға арналған оқпана) жабдықтау және бүркемелеу. Радиоактивті және улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер учаскелерін, инженерлік тосқауылды мен табиғи кедергілерді бағындыру. Қазіргі кездегі жою құралдарың (ядролық, химиялық қарулар) қарсыластың қолдануы кезіндегі жауынгердің іс-әрекеті.
7 - тақырып « Жауынгер – бақылаушы»
Жауынгер - бақылаушының іс әрекеті. Олардың жергілікті жер мен жергілікті заттарды (ор, көпір, өзен, елді мекендер) карау тәртібі. Бақылау нәтижелері туралы баяндау.
8 - тақырып «Қорғаныстағы жауынгер»
Қорғаныста (атысқа арналған орын) қарсылас шабуылының астынан атыс позициясын иемдену. Атысқа жатып атуға арналған оқпана және бақылау орнын жабдықтау және бүркемелеу. Қарсылас қазіргі жойғыш құралдарды (ядролық, химиялық қарулар) қолданған кезіндегі авиацияның шабуылдауы және атыстық дайындық кезіндегі жауынгердің әрекеті.
9 – тақырып «Шабуылдағы жауынгер»
Шабуылға дайындық және шабуылға шыгу тәртібі кезіндегі жауынгердің іс әрекеті. Шабуылдар барысында қарсыласты жою тәсілдері (қол гранаттарымен, тірей ату және қоян-қолтық ұрыс). Қарсыластың төмен ұшатын ұшақтары мен тік ұшақтарына қарсы атыс жүргізу әдістері.
10 - тақырып: «Қорғаныстағы бөлімше»
Қорғанысқа тапсырма алу, бөлімшенің атыс жүйесі мен қорғанысын ұйымдастыру. Бақылау жүргізу, қарсыластын әуе шабуылдарына тойтарыс беру. Қарсыластың атыс дайындығы басталғанда және олардың жаппай жою құралдарын қолдануы кезіндегі бөлімше құрамындағы іс-әрекет. Алғы шептегі бекіністен өтіп кеткен қарсылас ЖҰМ (СТР) танкілерін жою, қоршаудағы ұрыс және қосалқы атыс бекініске шегіну.
11 - тақырып «Мотоатқыштар бөлімшесінің жорықтық, ұрыс алдындағы және ұрыстық реті»
Ұрыстағы бөлімшелердің ұрыстық және жорықтық реті.
Ұрыстағы өзара әсер және оның маңызы. Бөлімшелер және оның атысын басқару. Бөлімшелердің ұрыстық іс әрекетін қамтамасыз ету.
12 - тақырып «Бөлімше шабуылда»
Бастапқы жағдайда тапсырма алу.
Бөлімшенің қарсылас қорғанысына жылжуы. Шабуылға көшу және қарсыластың алдыңғы шебіндегі шабуыл. Тосқауылдардан, залалданған жер учаскелерінен өту. Шабуыл объектісін иемдену.
IV Тарау
Атыс дайындығы
1 - тақырып: «Атыс негіздері»
Ату құбылысы. Оқтың ұшу траекториясы және оның элементтері. Түзу ату және оның практикалық маңызы.
2 - тақырып: «Қарудың материалдық бөлігі»
ТОЗ-8 (ТОЗ-12) кіші калибрлі винтовкалардың жалпы құрылымы және ұрыстық қасиеті, тағайындалуы. Винтовканы бөлшектеу және жинау.
3 – тақырып «Калашников автоматы мен пулеметі»
Қарулар және оқ-дәрілермен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары. Автоматтың тағайындалуы, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылымы және жұмыс істеу принциптері.
4 - тақырып «Автоматты (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтау»
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинастырудың толық емес тізбегі.
5 – тақырып «Автоматтың (пулеметтің) механизмдерінің бөлшектерінің және құрылымы, тағайындалуы»
Ұңғының, ұңғы қорабының және көздеу аспаптарының тағайындалуы мен құрылымы. Газ поршеньді бекітпе жақтаудың, бекітпенің, қайтарма механизмінің, газ түтігінің құрылымы және тағайындалуы.
Соққылы-ағытқыш механизмнің, оқжатар мен сүңгі-пышақтың, саптың құрылымы және тағайындалуы.
6 – тақырып «Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы»
Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің оқталғанға дейінгі және оқталған кездегі жағдайы.
Автоматты түрде ату және жекелей ату кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.
7 – тақырып «Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау» (
Автоматтың (пулеметтің) жарамдылығын, оның тазалығын, майлануын және атысқа дайындығын тексеру.
8 – тақырып «Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері»
Кідірістер және оның сипаттамасы. Кідірістердің себептері және оны жою тәсілдері. Автоматтың (пулеметтің) жабдықтары.
9 - тақырып «Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау»
Автоматты (пулеметті) атыстан соң тазалау және майлау тәртібі. Автоматтарды (пулеметтерді) және патрондарды сақтау және күту.
10-тақырып «Қол гранаталары»
РПГ-5 жарықшақты қол гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы. Гранаттың бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.
РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық касиеті және құрылымы.
Ф-1 жарықшақты қол гранатының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы. Гранаттарды
V Тарау
Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру
1 - тақырып «Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері»
Кішікалибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Кішікалибрлі винтовкадан атудың, оқтаудың және атыс жүргізудің тәсілдері.
2 – тақырып «Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері»
Жалпы ереже. Атысқа арналған ережені қабылдау. Атысқа дайындық.
3 – тақырып «Атыс жүргізу»
Атысты жүргізу (ату). Автоматтың (пулеметтің) көздеуіші мен көздегішін орнату. Атыс кезінде көздеу. Автоматтың (пулеметтің) дүмі. Атысты жүргізу.
4 – тақырып «Атысты тоқтату»
Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру. “Тұр!” пәрменін орындау. Тіреуден және таса артынан ату тәсілдері.
5 - тақырып «Жүріп келе жатып ату тәсілдері»
Қысқа аялдамалар жасап және жүріп келе жатып, көтере ату. Әуе нысаналары бойынша ату тәсілдері.
6 - тақырып «Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері»
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыруға дайындық кезеңдері. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.
7 - тақырып «Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау»
Бағдарлар туралы түсінік және оны тағайындау тәртібі
Қарсылас нысаналарын және өз орнын Бағдарларға қатысты анықтау әдісі. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме түріне қойылатын талаптар.
VI Тарау
Саптық дайындық
1 - тақырып «Сап және оларды басқару»
Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
Саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!».
2 – тақырып «Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар»
Орнында тұрып бұрылу. Саптық және жорықтық адыммен қозғалу. Қозғалыста бұрылу.
3 – тақырып «Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше»
Орнында тұрып бұрылу. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше ауысып сапқа тұру. Орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.
4 – тақырып «Қарумен саптық тұрыс»
Қарумен сапқа тұру. Пәрмендерді орындау: «Белдікті босат (тарт)!», «Автоматты – кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды – арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!».
5 – тақырып «Бір орында қарумен тәсілдер орындау. Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасау»
Орында тұрып қарумен тәсілдерді орындау. Қарумен бұрылу және қозғалу.
Саптан шығу және сапқа қайтып оралу. Бастыққа келу және одан кету.
6 - тақырып «Бөлімше сабы»
Бөлімшенің жазыла және жорықтық сапқа тұруы. Бөлімшенің жазылған саптан жорықтық сапқа және керісінше сапқа тұруы, бөлімшенің бір лектен екі лекке және керісінше сапқа тұруы.
VIІ Тарау
Әскери топография
1 - тақырып «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану»
Бағдарлану туралы түсінік. Адрианов компасымен аспан денелері арқылы, сонымен бірге жергілікті жер белгілері бойынша көкжиек тұсын анықтау.
2 - тақырып «Азимут бойынша қозғалыс»
Азимуттар туралы түсінік. Шынайы және магнитті азимут. Компас бойынша азимутты анықтау. Азимут бойынша қозғалыс жасау үшін мәліметтер даярлау. Азимут бойынша қозғалыс мәні және қозғалыс маршрутында кедергілерді айналып өту.
VIІІ тарау
Азаматтық қорғаныс
1 - тақырып «Азаматтық қорғаныстың міндеттері»
Азаматтық қорғаныстың міндеттері. Шаруашылық нысандарында құрылатын азаматтық қорғаныс қызметі. Азаматтық қорғаныс қызметінің жалпы міндеттері және оның тағайындалуы. Азаматтық қорғанысты қалыптастырудағы негізгі топтар және олардың міндетттері.
2 - тақырып «Мектептер мен орта оқу орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру ерекшеліктері»
Оқу орындарында құрылатын азаматтық қорғанысты қалыптастыру және олардың мақсаты. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметін ұйымдастыру принциптері. Азаматтық қорғаныс объектісіндегі медициналық қызметпен шешілетін міндеттер. Салалық ауруханалар.
3 – тақырып «Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін шаралары»
Оқу орындарындағы санитарлық постылар және оның міндеттері. Бейбіт уақыттағы санитарлық дружиналар және санитарлық постылармен шешілетін міндеттер. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың ядролық және химиялық зақымдану ошақтарында шешетін міндеттері. Бастауыш ұйымдардағы санитарлық-қорғаныс жұмыстары.
4 - тақырып: « Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы»
Химиялық қару. Химиялық қаруды қолданудың мақсаты және жеткізу құралдары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық ошақтар құрылымы. Күшті әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) түзілген ошақтар сипаттамасы. КӘУЗ ошақтарын медико-тактикалық жіктеу. Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар. Зақым ошағына санитарлық дружина енгізуді ұйымдастыру және зақымданушыны іздеу кезіндегі жұмыстарының ерекшеліктері, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету.
5 - тақырып «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақымданған ошақтарға сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік»
Бактериологиялық қару. Бактериологиялық зақымдану ошағы. Жұқпалы аурулар және олардың қоздырғыштары. Жұқпалы ауруларды жою мен алдын алу бойынша шаралар. Биологиялық зақымдану ошақтарындағы обсервация мен карантинді ұйымдастыру. Биологиялық зақымдану ошақтарында жүргізілетін жұмыстардың түрлері.
6 - тақырып «Медициналық көмек көрсету түрлері, зақымданған халықты емдік-эвакуациялаудың екі кезеңді жүйесі»
Зақымданған халықты емдік-эвакуациялық қамтамасыз ету. Медициналық көмек көрсету түрлері және медициналық эвакуация. Медициналық сұрыптау. Медициналық сұрыптау түрлері.
7 – тақырып «Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары мен постылардың жұмысын ұйымдастыру»
Дүлей апаттардың негізгі түрлері және олардың сипаттамасы. Халықты дүлей апаттан сақтандыру үшін ескерту жұмыстарын ұйымдастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.
ІХ Тарау
Медициналық білім негіздері
1 - тақырып «Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері»
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама. Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік аурулары туралы түсінік. Шок. Шоктың пайда болу себептері. Жарақаттық шоктың ауырлық дәрежесі және белгілері.
Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жара асқынуларын сақтандыру. Жарақаттық шоктың пайда болуының алдын алу. Асептика және антисептика туралы түсінік. Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары. Артерияны саусақпен басу нүктелері.
2 - тақырып «Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері»
Жгут салу үшін қолданылатын материалдар. Жгут салған кезде жіберуге болмайтын қателіктер. Венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері. Таңғыш түрлері. Бинтті таңғыштардың негізгі типтері. Бекіткіш таңғыштар. Қысып тұратын таңғышты қою ережелері. Таңу материалы.
3 – тақырып «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою. Бас пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері»
Басқа, ішке, кеудеге, бұт арасына, үстіңгі және және астыңғы қол-аяққа таңғыш қою тәсілдері.
4 - тақырып: «Бас сүйегі, кеуде және іштің тесіп өткен жаралары кезінде таңғыш салу ерекшеліктері»
Бас сүйегі мен мидың жаралануы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Кеуде клеткасының жаралану сипаттамасы. Кеуде клеткасы мен іші жараланған адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
5 - тақырып: «Сүйектің сынуы, жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем»
Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сынық түрлері және оның асқынуы. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы қысылып қалу синдромы) және оның белгілері. ҰҚС кезеңдерінің негізгі клиникалық белгілері.
Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің жалпы ережелері. Бас, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас, аяқ-қол сүйектері сынған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері (иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдалану арқылы). Жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы және сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.
6 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда медициналық жәрдем көрсету. Өкпені жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері»
Үсуден мұздаудың алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету. Электр жарақаты кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету және жәрдем көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Суға кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем. Жүрек қызметі мен тыныс алудың тоқтауын анықтау тәсілдері. Жүрекке тікелей емес массаж жасау. Өкпені жасанды желдету тәсілдері (ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға, Сильвестр, Каллистов бойынша). Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардаң уланғанда, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.
Достарыңызбен бөлісу: |