19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


-1905 жж. орыс-жапон соғысы



бет27/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

1904-1905 жж. орыс-жапон соғысы Қиыр шығыстағы территория мен ықпал аймағын бөлісу үшін жүргізілген соғыс болды. Нәтижесінде Жапония өзінің Оңтүстік Маньчжуриядағы позицияларын нығайтты және келешекте 1910 ж. Кореяны аннексиялау, Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азияда экспансия жасау үшін алғы шарттар жасады. АҚШ нәтижесінде басқыншы бәсекелеске тап болды.

Француз-орыс одағының (1891-1893) құрылуы. ХХ ғасыр басындағы еуропада басты екі әскери-саяси одақ құрылды. Біріншісі, Үштік одақ, Франция-Пруссия соғысынан кейін қалыптасты. Канцлер Бисмаркті Германияның Еуропа орталығындағы жағдайы мазалап, «одақтар сұмдығы» тынышын алды. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында герман билеуші топтары өз одағын құрмақшы болып, мүдделестер іздеді. Ең қолайлысы көршілес Австрия-Венгриямен байланыс орнатып, Франциямен арасында кикілжіңі бар Италияны өз жағына тарту болды. Осылай, біртіндеп, 1882 жылы Германия, Италия және Австро-Венгрияның Үштік одағы құрылды, ол 1892 жылы жаңарып, 1915 жылы Италия одан шыққанға дейін өмір сүрді.

Үштік одақтың құрылғанын Франция өзіне төнген қауіп деп түсініп, оған қарсы тұратын күш іздеді. Ондай одақтас ең алдымен Ресей болуы мүмкін еді. Оны іске асыру үшін Франция мен Ресей арасындағы Таяу және Қиыр Шығыстағы қайшылықтарды реттеу қажет болды. Франция мен Ресей француз-орыс одағын құрып, әскери-саяси конвенция (1891-1893) жасасты. 1907 ж. ағылшын-орыс келісімі Англия, Франция және Ресей құрамындағы Үштік одақтың (Антантаның) құрылуын тәмамдады. Үштік одақтың Антантаға қарсы тұруы көп ұзамай Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып келді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет