19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Соғысушы елдердің ішкі жағдайлары



бет35/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Соғысушы елдердің ішкі жағдайлары. Барлық соғысушы елдерде соғыс букіл материалдьщ және адам корларын жұмылдырды талап етті. Үкіметтер халыққа «Барлығы да жеңіс үшін!», «Барлығы да майдан үшін!» деген ұран тастады. Соғыс әрекеттеріне жаппай қолдау табу және ұлттық бірлікке жету үшін билеуші топтар коалициялық үкіметтер құрды.

Бірақ соғысушы елдердің ішкі саясатының басты белгісі өндіріске, тұтынуға, жалпы қоғамға мемлекет тарапынан бақылау мен реттеуді бұрын болып көрмеген жағдайда күшейту болды. Үкіметтер мен өнеркәсіптік буржуазияның әрекеттерінің арқасында әскери-мемлекеттік корпоративттік капитализм қалыптасты. Шикізатты, материалдарды, адам ресурстарын жұмылдыру мен бөлуді, әскери-техника, кару-жарақтардың өңдірілуін басқаратын арнайы комиттер кұрылды. Азық-түлік өндірісі төмендеді. Барлық жерлерде азық-түлік бөлудің карточкалық жүйесі енгізілді.

Жүмыс күнінің 12 сағатқа, тіпті одан да көп уақытқа ұзартылуы, қанаудың күшеюі және еңбекшілердің тұрмыс жағдайының нашарлауы; екінші жағынан, корпорациялардың пайдасы мен әскери алып-сатарлардың табысының артуы, коррупция және демагогия соғысушы екі одаққа кіретін барлық елдерге тән ортақ құбылыстар еді. «Жау бейнесін» жасай отырып, үкіметтер «жау» елдерден шықкандарды арнайы лагерлерге қамады. Саяси бостандықтар мен құқықтар қатаң шектелді немесе соғыс кезеңдерінің заңдары негізінде мүлдем жойылды.

Соғыстың бастапқы кезеңівде кептеген елдердщ үкіметі отанды қорғау үранымен халықтың кепшілігін соғыс әрекеттеріне қолдау көрсетуіне жетісті. Соғыстың созы-луы мен өмір сүрудің қиындығына байланысты халықтың наразылығы күшейіп, олар кептеген ереуілдер мен соғысқа қарсы шығу әрекетерінен көрініс тапты. Азаматтық бітімге қандай әрекет жасағанымен де қол жетіспеді. Бүл жөнінен 1917 ж. шешуші болды. Антанта мен Төрттік одақтың барлық елдерінде наразылык ереуілдер мен соғысқа қарсы толқуларға ұласты, ол армияны да шалды.

Ресейдегі 1917 ж. революция және Брест бітімі.



«Жоғарыдағылар» мен патшалық тәртіптің дағдарысы, бейбіт халық бұқарасы мен солдаттардың жаппай кетерілісі 1917 ж. акпанда патшаның тақтан бас тартуына әкеп соқты. Билікті қолға алған Уақытша үкімет соғысты жалғастыра берді. Елде саяси бостандықтар берілгенімен, жұмысшылар мен шаруалардың өмір сүру жағдайын жақсарту мен реформалар жүргізу (оның ішінде аграрлық реформа) жөніндегі талаптар қанағаттандырылмады. Ресейдің алдында екі жолдың бірін не реформалар жасау мен соғыстан шығу, не революцияны таңдау тұрды.

Уақытша үкімет ұйымдастырған жазғы шабуыл ойлағандай нәтиже бермеді, керісінше, жағдайды шиеленістіре түсті. Жаңа, 1917 ж. қазандағы болған, революция уақытша үкіметті құлатты. Билік В.И Ленин бастаған большевиктердің колына көшті. Кеңес үкіметі соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, бітімге келуге шақырды. Бірақ бүл үндеуді олар қабылдамай тастады. Кеңестік Ресейді дүниежүзілік революцияның тірегі деп есептеген большевиктер армияның қалжырап, майданың күйреген жағдайында біржақты бітім жасауға бар күшін салды.

Ұзаққа созылған келіссөздерден соң 1918 ж. 3 наурызында кеңес үкіметі әділетсіз, тонаушы Брест бітіміне қол қойды. Оның шартарына сәйкес Ресей жерінің біразынан айырылды, ол жер Германияға өтті, орасан көп мөлшерде контрибуция төленді. Бірақ бітім үшін кеткен шығын күткендей қорытынды бермеді. Антанта елдері Кеңестік Ресейге қарсы интервенция ұйымдастырды. Елде азамат соғысы басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет