Шлиффен жоспарының сәтсіздікке ұшырауы.
Францияға бейтарап Бельгия арқылы басып кірген герман әскербасшылығы француз-герман шекарасында шоғырланған француз армиясын қоршауға алып, оны күзге дейін талқандап, Францияны тізе бүгуге мәжбүр етуді қөздеген болатын. «Блицкриг» жоспарын соғыс басталудан біраз уақыт бұрын генерал Шлиффен түзген еді. Бірақ жоспар толық іске аспай, қыркүйекте герман әскері тек Верден түбіне дейін ғана жетті. Парижге басып алу қаупі төнді, дегенмен «қас қаққанша аяқталатын» соғыс жоспары іске аспай қалды.
Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс қимылдарын жасау туралы өтініш білдірді. Орыс әскерлерінің Шығыс Пруссияда және оңтүстік бағытта австро-венгрия әскерлеріне қарсы шабуылы соғыс қимылдарының француз театрынан Германияның біраз күштерін бұруға себеп болды. Шығыс майдандағы соғыс қимылдары Францияға қарсы шабуылға шығу үшін күш жинауға мүмкіндік берді. Марнадағы шайқас нәтижесінде Парижге тікелей қауіп жойылды. Соғыс қимылдары позициялық сипат алды. Германия екі майданда ұзақ соғыс қымылдарын жүргізуге көнуге мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |