Версаль бітім шарты Атланта басшылары уәде еткен «әділетті және демократиялық бітімнен» әлдеқайда басқаша болып шықты. Құжатқа қол қойылған үлкен Версаль сарайының атымен аталған Версаль шарты бойынша Германия соғыстың шығуына кінәлі деп жарияланды және осыған байланысты жаза тартуы керек болды.
Германияны барлық отарларынан айырып, оның территориясының кейбір бөлігін көрші елдерге беру және Атланта елдеріне келтірілген зияндары үшін репорация төлеуге міндеттелген шешім қабылданды.
Шарттың территориялар жөніндегі ережелері. Германия Эльзас пен Лотарингияны францияға қайтарды. Саар облысын басқару 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Германияның төл территориясының 1/8 бөлігі алынды. Данциг (Гданьск) еркін қала деп жарияланды. Кезінде Германия қосып алған поляк жерінің біразы (Познань, Пруссия мен Померанияның кейбір аудандары) Польшаға қайтарылды. Эйпен, Мальмеди және Морене округтары Белгияға кетті. Данияға Солтүстік Шлезвиг берілді. Германия мұның үстіне Мемельден (Клайпеда) бас тартып, ол кейіннен Литваға қосылды.
Германияның отарларын Англия, Франция мен Жапония өзара бөлісті. Англия мен Франция мұның үстіне Осман империясының «мұрасын» бөліп алды.
Қорытындысында Англия Ұлттар Лигасының атынан Палестинаға, Трансиорданияға, Ирак пен Танганьикаға (Германиялық Шығыс Африкаға) мандат алды.
Франция Сирия мен Ливанға мандат алды. Англия мен Франция Того мен Камерунды өзара бөлісті. Жапония Мариан, Каролина және Маршалл аралдарын, Шаньдун түбегін алды. Ағылшын доминиондары да бірнеше кіші-гірім территорияларға ие болды.
Шарттың әскери баптары. Герман басштабы таратылды Жалпыға міндетті әскери қызымет өзгертілді. Герман армиясының саны 100 мың адаммен шектеліп, еріктілік негізінде құрылатын болып белгіленеді. Германияға су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авиация мен ауыр артилерия иеленуге тиым салынды. Рейн аймағы – сол жағалаудағы герман жерлері мен оң жағалаудағы екі 50 шақырымдылық жерлердегі әскери бекіністер жойылып, қарулы күштерді орналастыруға тиым салынды.
Репарациялар мен Атланта елдерінің шығындарының орның толтыру туралы мәселе келесі келіссөздерге дейін кейінге қалдырылғанымен, 132 млрд. Алтын марка мөлшеріндегі жалпы саны белгіленді. Рейн аймағында 15 жыл бойына оккупациялық армия орналастырып, оны герман жағы қамтамасыз етуге тиісті болды.
Версаль келісімі неміс халқына аса үлкен ауыртпалық салды және оның ұлттық сезімдеріне қатты нұқсан келтірді. Кейінгі уақыттарда бұл жағдай кек қайтару идеясы мен саясатына дем беріп, оны 30-жж. фашистер шеберлікпен пайдалана білді.
Келісімге қол қою кезінде герман делегациясы тонаушылық бітімінің шарттарын жұмсартуға, оның ішінде соғысты шығаруға «кінәлілік» туралы бапты алдырып тастауға тырысты, бірақ ол қарсылық қабылданбады. 1919 ж. 28 маусымында Германия Атланта елдерімен және олардың одақтастарымен Версаль бітімі туралы келісімге қол қойды.
1919-1920 жж. Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен бейбіт бітімдер жасалды. Оларда да кейбір территориялық өзгерістер, қару-жарақ пен армияның саны және репарациялық төлемдер туралы шарттар қарастырылады.
Осы аталған келісімдердің барлығы жеңімпаздар мен жеңілгендердің арасындағы қатынастарды анықтайтын және Еуропа мен орталық аймақтардағы халықаралық қатынастарды реттейтін Версаль жүйесін құрды.
Достарыңызбен бөлісу: |