19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


«Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры»



бет50/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

«Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры» – басталған жаңа дәуірдің маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей сайлау құқығы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп халық бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси күреске араласуына мүмкіндік туғызды.

Бұрын еуропалық елдерде либерализм, консерватизм, социализм және олардың әртүрлі ағымдары үстемдік етсе, Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жаңа қозғалыстар мен партиялар қалыптасты.

1918-1919 жж. Батыстың кейбір капиталистік елдерінде оңшыл радикалдық экстремистік қозғалыс пайда болды, олар жалпы фашизм деп аталды.

Германиядағы революция 1918 жылы 3 қарашада Кильде матростардың көтерілісінен басталып, 9 қарашада берлинге келіп жетті. Кайзер елден қашып кетті. Революциялық үкімет – Халық уәкілдерінің кеңесі социал-демократ Ф.Эберттің басшылығымен Германияны республика деп жариялады. 11 қарашада уақытша бітімге қол қойылды. 12 қарашада үкімет әрекеттер жоспарын жариялады, соғыс кезіндегі төтенше жағдай өзгертілді, сөз, жиындар өткізу, қауымдастықтар құру бостандығы жарияланды, саяси тұтқындарға кешірім берілді, тұңғыш рет тікелей және жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей тең сайлау құқығы енгізілді.

1918 ж. желтоқсанның ортасында солшыл радикалдық топтар Германия социал-демократиялық партиясының құрамынан шықты. Кеңестік Ресейдің үлгісімен жігерленген олар социалистік революцияны, ресми билікті кеңестерге беруді қолдады.

Солшыл радикалдық топтардың бірі «Спартактың» жетекшілері К.Либкнехт пен Р.Люксембургтің басшылығымен Германия коммунистік партиясы құрылды.

1919 ж. 5 қаңтарда Берлинде социал-демократ Эберттің үкіметін құлатуды талап еткен жұмысшылардың стихиялы түрдегі қарулы көтерілісі басталды. Бірақ көтеріліс елде қолдау таппай, оны полиция басып тастады.

Германиядағы «Қараша революциясы» деген жалпы атпен біріктірілген революциялық қозғалыстар тізбегінің соңғы оқиғасы 1919 ж. 13 сәуірдегі Бавария кеңестік республикасын жариялау болды.

1919 ж. ақпанда Құрылтай жиналысына сайлау өтті. Веймар қаласында жиналған Құрылтай жиналысы 31 шілдеде революцияшыл бұқараның кейбір талаптарын орнықтырған конституцияны қабылдады. Германия тарихында Веймар республикасы деп аталған жаңа кезең басталды. 1919 ж. 28 маусымында Версаль бітіміне қол қоюына байланысты республиканы бүкіл дүние мойындады.

Германиямен бір уақытта көп ұлтты Австрия-Венгрия империясында революциялық процестер басталды. Революцияның нәтижесінде Австрия мен Венгрияда үкімет құлатылып, республика жарияланды. Авсрия революциясының Германия ревоюциясына ұқсастығы көп болды. Монархияны құлату қарулы күрессіз іске асты. Венгрия революциясы монархиялық құрылысты құлату, біріккен үкімет құру және республика жариялаудан басталды. 1919 ж. 21 наурызда Венгрия кеңес республикасы жарияланды, ал оның үкіметі Ресейдегідей Халық Комиссаарларының Кеңесі деп аталды.



Елдің даму болашағы жөніндегі ішкі саяси күрес пен шетел басқыншылары және коммунистер мен социал-демократтардың арасындағы терең келіспеушілік 1919 ж. 1 тамызда Венгрия кеңес республикасының құлауына себеп болды. Елде авторитарлық билік орнады. Венгрия қайтадан реген М.Хорти басқаратын монархиялық мемлекет деп жарияланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет