19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Франция 20 жж. «одақтасу саясаты»



бет58/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Франция 20 жж. «одақтасу саясаты». Франция дүниежүзілік соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Германияны жеңгеннен кейін елде шовинистік рух белең алды. 1919 ж. қарашадағы сайлау кезінде ұлтшылдық пен большевизм қаупімен қорқыту басым болды. Оңшыл буржуазиялық партиялардың тобының негізінде Ұлттық одақ құрылды. Оған радикалдар мен республикашылдар партиялары, және француздың көппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар келіп қосылды. Социалистік партия жападан жалғыз қалды. Ұлттық одақ сайлауда дауыстың үштен екісін алды.

Үкіметті соғыстан бұрын социалистерден қол үзген А.Мильеран басқарды. Тәжірибелі саясаткер Мильеран елдегі өсіп жатқан революциялық және жұмысшы қозғалысын әлсіретуді көздеді, әлеуметтік реформалар жүргізуге, жұмысшыларға пайданы бөлісуге, кәсіпорындарды басқаруға қатысуға құқық беруге уәде берді, еңбек пен капиталдың ынтымақтасуын жақтады. Бұл уәделер тек іс жүзінде қалды да, Франция 30 жж. ортасына дейін әлеуметтік заңдар шығару саласында бір адым да алға жылжымады.

Франциядағы саяси күштердің арасалмағын өзгертудегі бетбұрыс Пуанкаренің Рур авантюрасы болды. 1923 ж. қаңтарында герман репарациясы есебінен көмір жөнелтудің тоқтатылуына байланысты француз-бельгия әскерлері Рурға басып кірді. Бұл оқиға Франция мен Германияда саяси дағдарыстың шығуына себеп болды. Француз буржуазиясының авантюристік бағыты, Еуропада үстемдік етуге ұмтылыс, сыртқы саясатқа әскери күш пайдалануда құмарлық, елді милитарландыруға жасалып жатқан шаралар саяси күштердің жіктерінің ашылуына алып келді. Ұлттық одақ ыдырай бастады.

Рурды басып алуға және Пуанкаренің саясатына коммунистер, социалистер және кәсіподақтар батыл түрде қарсы шықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет