19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Веймар республикасының дағдарысы



бет56/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Веймар республикасының дағдарысы. Бітім туралы келісімге қол қою және 1919 ж. жазында Веймар қаласында Құрылтай жиналысының конституцияны қабылдауы Веймар республикасы кезеңінің басы болды. Конституция буржуазиялық-демократиялық құқықтар мен бостандықтар, жалпыға бірдей сайлау құқығын жариялады.

Республикалық демократиялық құрылысты орнату және жаңа саяси жүйені тұрақтандыру қиын және ұзақ процесс болып шықты. 1919 ж. бастап 1923 ж. соңына дейін елде жағдай шиеленісіп, қызу саяси күрес жүріп жатты.

1920 ж. наурыздың ортасында монархист В.Капп, генерал Г.Людендорф т.б. басшылығымен әскери төңкеріс жасауға әрекет орын алды.

1922 ж. үкімет басына В.Куно бастаған буржуазиялық партиялар тобы келді де, репарациялық төлемдерге қарсы саботаж ұйымдастырып, ұлтшылдық насихатты күшейтті. 1923 ж. қаңтарында бұл саботажға жауап ретінде француз-бельгиялық әскерлер Рур облысына басып кірді. 1923 ж. тамызында Германия жұмысшыларының жаппай ереуілі Куно кабинетін құлатты.

1923 ж. 8 қарашада Мюнхенде фашистердің бір тобы фашистік диктатура орнату ұрандарымен көшеге шықты. Адольф Гитлердің басшылығымен болған фашистердің бұл бүлігі «сыра бүлігі» деген атақ алды, себебі олар жиналыстарын ылғи сыраханаларда өткізетін. Полиция бүлікті тез арада басып тастады.

Тек 1924 ж. Германиядағы жағдай біршама тұрақтана бастады. Тұрақтылыққа көшудің экономикалық негізі Германияға америка несиесін берген Дауэс жоспары мен тұрақты валютаның (алтын марка) енгізілуі болды. 20 жж. екінші жартысында герман экономикасы өнеркәсіп өндірісінің соғыстан бұрынғы деңгейін басып озды. Бірақ Веймар республикасының саяси тұрақтануы аса берік болмай шықты.

Саяси алауыздық жағдайында 20 жж. соңында 1923 ж. бүліктен кейін тыйым салынған фашистік ұйымдар белсенділік көрсете бастады. Адольф Гитлер қатаудан босанып шығып, фашистік партия ашық түрде көпшілік саяси және әскериленген (СД әскери топтары) ұйымдар құру үшін күрес жүргізілді. 1925 ж. Ұлттық Социалистік Жұмысшы партиясының (ҰСЖП) кейбір басшылары 1928 ж. рейхстагқа сайланды. Бұл оларға қолсұқпаушылық құқығын пайдала отырып, әртүрлі бұзақылық және кедергілер жасау жолдарымен парламенттің беделін кетіру жөнінде агрессиялық және арсыздық науқанын жүргізуге мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет