19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері



бет57/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Ұлыбритания 20 жж.: Соғыста жеңіп шыққанымен, елде қияншылықтар жеткілікті болды. Соғыстан шеккен зардаптар айтарлықтай еді. Несие берушіден АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне айналды. 1920-1921 жж. экономикалық дағдарыс өндірістің, сыртқа шығару мен сырттан тасудың қарқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқты. Ереуілдер қозғалысы қанат жайды.

Лейбористік партия аса маңызды күшке айналды. Лейбористер 1918 ж. парламентке өздерінің 60 өкілін өткізіп, тұңғыш рет либералдарды үшінші орынға ығыстырып, екінші орынға шықты. 1923 ж. парламент сайлауында лейбористер 4,3 млн. дауыс алды. Сөйтіп, 20 жж. басында лейбористер Ұлыбританияның саяси жүйесінде екінші партия есебінде орын тепті.

1924 ж. қаңтарда премьер-министр С.Болдуин сенімсіздік білдіргеннен кейін (яғни үкімет саясатына қарсы дауыс беру) кабинеттің орнынан түсетіндігін мәлімдеді. 1924 ж. 23 қаңтарында лейбористердің басшысы Р.Макдональд Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет лейбористік үкімет құрды. Қауымдар палатасында көпшілікке ие бола алмағандықтан, бұл үкімет көп өмір сүре алмады, бірақ бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра шараларды іске асырып үлгерді. Мезгілінен бұрын өткізілген келесі сайлауда жеңіске консерваторлар ие болды.

1926 ж. Англияның тарихындағы ең ірі жанжал орын алды, елдің жұмысшы табының жаппай ереуілі басталды. Бұл ереуіл 1929 ж. кезекті сайлаудің қорытындыларына әсер етпей қоймады. Лейбористер тұңғыш рет қауымдар палатасында консерваторлардан көп орын алып, екінші лейбористік үкімет құрды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет