19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Италия: фашистер билік басында



бет59/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Италия: фашистер билік басында. 20-30 жж. тән екінші бір бағыттың мысалы ретінде Италияны келтіруге болады. Мұнда бірінші рет үкімет басына фашистік саяси ағым мен тоталитаризмнің корпоративтік нұсқасын бейнелеуші партия келді.

Италияда фашистік ұйымдар 1919 ж. көктемінен бастап құрыла бастады. Олардың жетекшісі бұрынғы социалистік партияның мүшесі Бенито Муссолини болды. Фашистік террор (жұмысшы ұйымдарының кеңселерін өрттеу, кәсіподақ пен солшыл партиялардың белсенділерін қастандықпен өлтіру, жергілікті билік орындарын тарату) жазалаусыз қалып отырды.

1922 ж. қазанында фашистердің съезі ұкіметтен өздеріне бірнеше министрлік портфельдер беруді талап етті. Үкіметке қысым көрсету мақсатымен фашистер «Римге жорыққа» аттанды. Үкімет орнынан түсу туралы өтініш берді. Король Муссолиниді шақырып алып, оған үкімет құруды тапсырда. Билік оңшыл экстремистік, фашистік партияның қолына көшті.

1924-1926 жж. конституциялық монархия террористік диктатураға айналды. 1926 ж. қарашасында барлық азаматтық және саяси бостандықтар жойылды, жеке адамның ешқандай құқығы қалмады.

Фашистік бірпартиялық диктатура 1926 ж. кейін бүкіл қоғамды корпоративтік негізде реформалауға кірісті. Оларға төменнен жоғары қарай жұмысшылар, қызметкерлер бірікті. Сатылық ұстанымдар негізінде 20 корпорация құрылып, олардың басында өз министрліктері мен дучелері тұрды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет