Дағдарыс жылдарындағы халықаралық қатынастар (1929-1933).
Экономикалық жағдарыс жылдарында версаль-Вашингтон жүйесі одан әрі күйрей түсті. Еуропа құрлығындағы күштердің арасалмағы түбегейлі өзгерді: жетекші капиталистік елдер арасындағы бәсекелестік күшейе түсіп, бұл әсіресе жанталаса қаруланудан көрініс тапты. Германия «қауіпсіздік жүйесінің шегінде тең құқықты» деп танылды, бұл Германияның өзінің соғыс күшін қалпына келтіруге құқығын мойындау еді. Ол репарация төлеу міндетінен босатылды. Версаль жүйесі келіссөздерін қайта қарау бұрынғы жеңген және жеңілген елдердің жағдайларын өзгертті.
Әсіресе Францияның жағдайы нашарлады. Германия жағынан оның қауіпсіздігіне қатер төнгендігі 30-жж. басында-ақ белгі бере бастаған болатын. Француздар шабуыл жасамау туралы француз-кеңес пактін жасасу туралы КСРО-мен келіссөздер жүргізді. Пактіге 1932 ж. қол қойылды.
Дағдарыс жылдарында Қиыр Шығыстағы жавғдай шиеленісе түсті. Қытай Ұлыбритания, АҚШ, Жапония арасындағы бақталастық алаңы болып қала берді. Жапония жеке-дара үстемдікке ұмтылды және «Ұлы Азияны» құру жоспарын жасады. Бұл жоспардың іске асырылуы 1931 ж. Жапонияның маньчжурияны басып алуынан басталды. Дәл осы арада дүниежүзілік соғыстың бірінші ошағы пайда болды.
Солтүстік-шығыс Қытайда 1911 ж. Синьхай революциясы кезінде тақтан құлатылған бұрынғы император Пу И-дің басшылығымен қуыршақ үкімет пен мемлекет құрылды. Ұлттар Лигасы қытайға арнайы комиссия жіберді, ол өзінің баяндамасында Маньчжоу-Го қуыршақ мемлекетінің тәуелсіздігін мойындамауды және қытайда жапон әскерлерін әкетуді ұсынды. Жапония бұл талаптарға құлақ аспай, Ұлттар Лигасынан шықты.
Фашизм германияда үкімет басында және халықаралық қатынастар.
1933 ж. қаңтарда германияда билік басына фашистік ұлттық-социалистік жұмысшыпартиясы – қарымта қайтару және соғыс партиясы келді. Германияның 1933-1935 жж. басты міндеті Версаль келісімінде жазылған елдің қарулануынақойылған шектемелерді жою және дүниежүзілік күшпен қайта бөлуге дайындық жасау болды.
Экспансиялық бағыттағы бұл саясат германияның «теңдігін» қайта қалпына келтіру жөніндегі идеологиялық бүркемелеудің көмегімен іске асырылып жатты. Германия Версаль келісімінің әділетсіздіктерін шебер пайдаланды, сондықтан да оның келісімді қайта қарау туралы талаптары біраз елдерде қолдау тапты.
1935 ж. Германия жалпыға бірдей әскери міндет енгізді. Версаль келісімінің шарттарының кезекті бұзылуын Англия мен Францияның үкіметтері мен қоғамдық пікірі болмағандай, жайбарақат қабылдады. Сол 1935 ж. плебисциттің нәтижесінде Саар облысы германияның құрамына енді. 1936 ж. наурызда герман әскерлері Рейн аймағына басып кірді, ол версаль келісімінің шарттары бойынша демилитарланған аймақ болып қалуы тиіс болатын, яғни ол жерде әскер де, қару-жарақ таболмауы тиіс еді. 1933-1935 жж. Германияның қайта қарулануына салынған барлық шектеулерді алып тастау кезеңі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |