Әскери қауіп ошақтарының қалыптасуы. Европадағы фашизм
Жоспар
Италияның Эфиопияны басып алуы. Басқыншы герман-италия-жапон одағының құрылуы.
Мюнхен келісімі.
Ағылшын-француз-кеңес келіссөздері.
Италияның Эфиопияны басып алуы. Басқыншы герман-италия-жапон одағының құрылуы.
30-ж. ортасында Италия Африкадағы орталық иеліктерді қайта қарауды талап ете бастады. 1935 ж. қазанда фашистік Италия Эфиопияға басып кірді. 1936 ж. көктемінде италия-эфиопия соғысы аяқталды. Эфиопия Италияның отарына айналды. Бұл соғыс Еуропаның фашистік мемлекеттерінің тікелей қарулы шапқыншылық қимылдарына көшуінің басы болды. 1936 жылы шілдеде испанияда генерал Франконың бүлігі басталды. Германия мен Италия испан фашистеріне қолдау көрсетіп, оларға көмекке самолеттер, танктер және басқа да қару-жарақтар, соңынан әскерлер де жіберді. Англия мен Франция «араласпау саясатын» жариялады, сөйтіп, Испан республикасын тұншырықтыруға көмектесті. Араласпау жөніндегі комитеттің шешімдеріне сілтеп, Франция испан республикасына ақшасы төленіп қойылған қару-жарақтарды жөнелтуді тоқтатты.
Нәтижесінде Испаниядағы азаматтық соғыс 1939 ж. наурызында республиканың құлауымен аяқталды. Испанияда фашистік режим орнады.
Үш мемлекет – жанталаса қарулану мен дүниежүзін күшпен қайта бөлісудің бастаушылары – бір-бірімен сөз байлсып, оны басқыншылық одақ құру жөніндегі келісіммен бекітті.
1936 ж. қазанда италия-герман ынтымақтастығы туралы келісімге (Берлин-Рим белдеуі) қол қойылды. Сосын Германия мен Жапония сол жылдың қарашасында Коммунистік Интернационалға қарсы бірлесіп күресу туралы келісім («Коминтернге қарсы пакт») жасасты. Бұл пактіге 1937 ж. Италия қосылды, сөйтіп Берлин-Рим-Токио үшбұрышы – үш басқыншы мемлекеттің одағы құрылды. Экспансияның жаңа кезеңі басталды.
1937 ж. шілдесінде Жапония Қытайға шабуылын үдетті. Пекинді басып алып, жапон әскерлері Қытайдың орталық провинцияларына ілгеріледі. 1937 ж. Германия Австрияны күштеп қосып алуға дайындалып жатты. 1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, ол Германияға қосылды.
Басқыншылардың әрекеттерінің жазалаусыз қалуы Ұлттар Лигасының бейбітшілікті сақтауға жеткілікті түрде сенімді құрал емес екендігін көрсетті.
Ұлттар Лигасының ішінде күштердің арасалмағы өзгеріске ұшырады. Жапония мен Германия ол ұйымнан шықты. Бірақ 1934 ж. Ұлттар Лигасының қатары жа амаңызды мүшемен толықтырылды - оған Кеңес Одағы мүшелікке енді. Сөйтіп, Еуропа қауіпсіздігінің мәселесінің географиялық шеңбері кеңей түсті. Бұрын бұл мәселе батысеуропалық мемлекеттердің арақатынастары негізінде шешілетін еді. Енді КСРО-ны ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне жаңа кұш ретінде ендіруге мүмкіндік туды.
1934 ж. кеңес-француз келіссөздерінің нәтижесінде Германия, КСРО, Чехословакия, Польша, Литва, Латвия, Эстония және Финляндияны біріктіретін Шығыс пактісіне кепілші ретінде қосылуға уәде берді, ол Кеңес Одағы кепілші есебінде Рейн кепілдік пактіне қосылуды ойластырған болатын. Осылайша ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылған болар еді. Бірақ Англия мен Германия және кейбір шығысеуропалық елдер Шығыс пактісін құру туралы жобаны қабылдамай тастады. Еуропада ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мүмкіншілігі пайдаланылмай қалды.
Қауіпсіздіктің мұндай жүйесін қалыптастырудың тағы да бір мүмкіншілігі болды. Ол Еуропалық елдердің екі жақты келісімдері жүйесін құрып, біртіндеп оларды бірыңғай жүйеге біріктіру жолымен іске асырылуы мүмкін еді. Франция мен КСРО 1935 ж. өзара көмек туралы келісім жасасты.
Осындай келісім КСРО мен Чехословакия арасында да жасалды. КСРО Чехословакияға басқа мемлекет тарапынан шабуыл жасала қалса, оған Франция көмек берген жағдайда, өзінің Чехословакияға көмекке келетіндігі жөнінде уәде берді. Тиісті чехословак-француз пактісіне де қол қойылды. Бірақ Францияның ұстаған бағыты тұрақты болмады. Көп мәселелерді ол британ саясатының бағытымен жүрді, ол саясат Еуропадағы бейбітшілікті басқыншылардың айтқандары мен әрекеттеріне көну жолымен сақтап қалуды көздеген болатын. Бұл фашистік Германияны «тұншықтыру» саясаты еді.
Достарыңызбен бөлісу: |