Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Жоспар
Германияның Польшаға шабуылы. КСРО-ның әрекеттері. «Түсініксіз соғыс»
Балтық жағалауының, Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның Кеңес Одағына қосылуы
Германия мен Италияның Англияға қарсы соғыс қимылдары
Балкандағы соғыс қимылдары. Фашистік «жаңа тәртіп». Қарсыласу қозғалысының тууы.
1. 1939ж 1 қыркүйегінде таң ертесімен фашистік Германияның әскерлері соғыс жарияламастан Польшаға басып кірді. Үш бағытта батыстан, солтүстіктен және оңтүстіктен Польшаға 5 неміс армиясы тап берді. Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция 3 қыркүйекте Германияға соғыс жариялады. Соғысқа Англия мен Францияның доминиондары мен отарлары да кірісті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Поляк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ саны аз және нашар қаруланған поляк армиясы немістердің авиация қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас бере алмады. Соғыс басталғанан соң екі аптадан кейін Польша талқандалды.
Осы кезде 1939ж 23 тамыздағы жасалған құпия протоколға сәйкес. Кеңес Одағы Польшаға қарсы шықты. 1939ж 17 қыркүйекте кеңес әскерлері ешқандай қарсылық кездестірместен Польшаның шығыс аудандарына басып кірді. 200 мыңнан аса поляк солдаттары мен офицерлері кеңес тұтқынына алынды. 1940ж көктемде олардың 20-мыңнан артығын IIXK органдары Хатынь маңында (Смоленск қасында) және басқа жерлерде құпия түрде атып өлтірді.
1939ж 28 кыркүйекте Мәскеуден Германия мен КСРО-ның Шығыс Еуропадағы біріккен әрекеттерін заңдастырған достық пен шикара туралы герман-кеңнс келісімне қол қойылды.
Польша мемлекеті жойылды. Батыс Украина мен Батыс Белоруссия КСРО құрамына енді, ал Германия мен шектес поляк жерлері Берлиннен басқарылатын неміс генерал-губернаторлығы деп жарияланды. Кеңес үкіметі Эстония, Латвия және Литвадан КСРО-мен өзара көмек туралы шарт жасасуға және өз территорияларындакеңес әскери гарнизондарын орналастыруға келісулерін үзілді-кесілді түрде талап етті. Бұл талаптар орындалды.
Осы кезде Кеңес Одағы Финляндиядан шекараны Ленинградтан ары жылжытуды талап етті, оның орына көлемі екі есе көп, бірақ халқы аз кеңес территориясын алуды ұсынды. Көп уақытқа созылған келіссөздер сәтсіз аяқталды, Финляндия ұсынысты қабылдамай тастады. 1939 ж . 30 қарашадакеңес әскерлері Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Кеңес-Финляндия соғысы ұзаққа созылмағанымен, өте ауыр болды. Ұлттар Лигасы КСРО-ның бұл әрекетен айыптан, оны мүшеліктен шығарды.
Осы уақытта Батыс майданда тыныштық орнады. Ол майдандағы ағылшын-француз әскерлері саны жағынан көп болғанымен, Германияға қарсы ешқандай қимыл-әрекет жасамады. Батыс майдан 1940 ж. Көктеміне дейін созылған теке-теріс түсініксіз соғыс немесе отырып соғысу деген ат алды. Англя мен Францияның үкметтері түсініксіз соғыс кезінде қорғаныс стратегиясын ұстады. Олар ағылшын-француз флотының теңіздегі үстемдігі Германияны қоршау құрсауында ұстайды және француздардың Германия мен шекарада күшті бекітілген Мажино белдеуі немістердің батысқа шабуыл жасауына мүмкіндік бермейді деп есептелді.
1940 ж көктеміне қарай кеңес әскерлері Маннергейм қорғаныс шебін бұзып өтті. Финлядия женіліс тапты. 1940 ж 12 наурызда ол кеңес-финлядия бітім шартына қол қойды,ол келісім бойынша Карел мойнағының жері Выборг қаласымен қоса КСРО құрамына енді. 1940 ж көктемінде неміс әскерлері Батыс майданда шабуылға шықты. 1940 ж 10 мамырда неміс әскерілері соғыс жариялаусыз Бельгия мен Голландияға басып кірді. 14 мамырда Голландия қаруын тастады, 28 мамырда Бельгия тізе бүкті. Ағылшын-француз әскерлері Дюнкерк ауданында (Францияның солтүстігінде) қоршауда қалды. Ауыр қару-жарақтарын тастап, қоршаудағы топтың негізгі бөлігі Англияға өтіп кетті.
Англия мен Францияның жеңілуі шешілген іс деп, 10 маусымда оларға қарсы соғысқа Италия да кірісті.
1940 ж 22 маусымда Компьен орманында 1918 жГермания мен уақытша бітімге қол қойылға, ескерткішретінде сақталып қалған маршал Фоштың вагонында француз-герман уақытша бітіміне қол қойды. 25 маусымда Франция Италиямен де уақытша бітімге келді.
Француз-герман және француз-итальян уақытша бітімдерінің шарттарына сәкес Франция барлық соғыс қимылдарын тоқтатуға,армия мен флотын қарусыздандыруға мінденттенді.Германия оның тереториясының үштен екі бөлігін Парижді қоса басып алды. Франция аса көп оккупациялық төлем төлейтін болды. Оккупацияланбаған аймақ пен орталық иліктердегі билікті маршал Петэн үкіметі басқарды. Петэн үкіметі өзінің Германиямен ынтымақтыстығын жариялады.
Алғашқыда барлық ірі француз саяси қайраткерлері мен француз отаршылдық империясының әкімшілігі Виши үкіметін қолдады. Тек ол кезде аса танымал емес генерал де Голль уақытша бітім мен Виши үкіметін танудан бас тартты. Англияға кетіп, ол сол жерде «Азат Франция» қозғалысын ұйымдастырды. Германияға қарсы күресті жалғастыра беруге шақырды.
2. Балтық жағалауының, Бессарабия мен Солтүстік буковинаның Кеңес Одағына қосылуы. Әзірше екі жауласушы одақтың негізгі күштері Батыс майданда болды. Кеңес одағы құпия кеңес-герман протоколына сәйкес өзінің территориясын ұлғайту мақсатында жаңа әрекеттерге көшті.
1940 ж. 14 және 16 маусымда Кеңес үкіметі Литваға, Латвияға және Эстонияға өз үкіметінің құрамын өзгертуді және кеңес әскерлерінің қосымша тобын енгізуге рұқсат беруді үзілді-кесілді талап етті.
Бұл елдердің территориясына Қызыл Армияның ірі күштері енді. Кеңес одағының әскери және саяси өкілдерінің бақылауымен бұл елдерде жаңа үкіметтер құрылды. Олар заң шығарушы жиналысқа сайлау өткізіп, солардың атынан өздерін Кеңес одағының құрамына алуға өтініш білдірді. 1940 жылдың тамызында литва, Латвия және Эстония одақтық республикалар ретінде ресми түрде КСРО құрамына енді. 1940 ж. 26 маусымда КСРО Румыниядан 1918 ж. басып алған Бессарабияны қайтаруды және халқының көпшілігі украиндықтар болып табылатын Солтүстік Буковинаны беруді талап етті. Румын үкіметінің КСРО-ның талабын қайтарып тастауға батылы жетпеді. КСРО-ға өткен территорияларда одақтық Молдавия республикасы құрылды.
3. Германия мен Италияның Англияға қарсы соғыс қимылдары. Франция жеңіліс тапқаннан кейін Ұлыбритания германия мен Италияға қарсы соғысушы бірден-бір ел болып қалды. 1940 ж. мамырынан бері консерваторлардың жетекшілерінің бірі, жігерлі саясаткер Уинстон Черчилль басқарған ағылшын үкіметі Германия алдында тізе бүгуден бас тартты.
Немістердің әскери басшылығы Англияны теңізден басып кіру арқылы («Теңіз арыстаны» жоспары) талқандамақшы болды, бірақ теңізде үстемдігін сақтап қалған ағылшын флоты немістерге десант түсіруге мүмкіндік бермеді. Германияның ағылшын флотына авиацияның көмегімен соққы беру және ауадан бомбалау арқылы Англияның қарсылығын жою әрекеттері де онша нәтижелі болмады.
Ұлыбританияға АҚШ көмек көрсетті. 1940 ж. наурызында АҚШ президенті Ф.Рузвельттің бастамасымен конгресс ленд-лиз, яғни қорғанысы АҚШ үшін өмірлік маңызы бар елдерге қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды қарызға, не жалға беру туралы заң қабылдады.
1941 ж. көктемде ағылшындар Эфиопия партизандарының көмегімен итальяндықтарды Британия Сомали мен Эфиопиядан қуып, бүкіл Шығыс африканы басып алды. Солтүстік Африкада олар итальян шабуылына тойтарыс беріп, Ливияның бір бөлігін басып алды. Англияның тегеуірінді қарсылық көрсетуі гитлерді «теңіз арыстаны» жоспарынан бас тартып, КСРО-ға қарсы соғысқа дайындыққа кірісуге итермеледі.
Кеңестер Одағымен сырттай достық қарым-қатынастарды сақтай отырып, гитлерлік Германия басшылығы КСРО-ға қарсы шабуыл жасаудың жоспарын («Барбаросса жоспары») жасады және өзінің Италиямен және Жапониямен байланыстарын нығайтты.
1940 ж. 27 қыркүйегінде Германия, Италия және Жапония Үштік пактіге қол қойды, бұл іс жүзінде дүниені қайта бөлісу туралы келісім болды.Көп ұзамай Румыния, Венгрия, Болгария Үштік пактіге қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |