4. Балкандағы соғыс қимылдары. 1940 ж. 28 қазанда фашистік Италия Германияға ескертпестен, Грецияға қарсы шабуыл жасады. Сан жағынан басым және жақсы қаруланған Италия әскерлері тез жеңіске жетеміз деп есептегенімен, грек әскерінің табанды қарсылығына ұшырады. Муссолинидің өтініші бойынша Германия көмекке келді. 1940 ж. 6 сәуірде неміс әскерлері кенеттен Греция мен Югославияға тап берді. Әскер күші мен техниканың басымдылығы арқасында олар грек және югослав әскерлерінің қарсылығын тез басып тастады.
1941 ж. жазында Германия мен Италия еуропалық 12 елді жаулап алды және Еуропаның едәуір бөлігіне өзінің үстемдігін орнатты.
Жаулап алған елдерде олар фашистік оккупациялық режим орнатып, оны «жаңа тәртіп» деп атады. Барлық жерлерде демократиялық бостандықтарды жойды, саяси партиялар мен кәсіподақтарды таратты, ереуілдер мен шерулерге тиым салды. Польша мен Германиядағы концентрациялық лагерьлер өлім фабрикаларына айналды. Миллиондаған адамдарды жою жоспары қабылданды, оның ішінде еврейлер мәселесін «түпкілікті шешу» (Холокост) қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |