19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Солшыл центризмге бетбұрыс. 60-жж



бет140/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Солшыл центризмге бетбұрыс. 60-жж. бас кезiне қарай центризм өзiн сарықты. 1960 ж. Тамброни үкметі парламентте өкiлдерi бар оңшылдар мен неофашистердiң тараптарынан көмек iздей бастады.

Бiрақ, ХДП iшiнде қоғамның демократиялық, күштерi талап еткен әлеуметтiк реформаларды iске асыру қажет деп тапқан баска топ белсендiлiк көрсете бастады. Социа­листiк партияны ХДП-ның солшыл қанатымен бiрлесiп, елдi басқаруға тарту (социалистер де "кнопкалы бөлме­лерге кiрудi" аңсап жүрген) жобаланды. Осы негiзде Ита­лияда 60-жж. басында солшыл центрлiк одақ құрылып, ол реформалар бағдарламасын (электростанцияларды мем­лекет қарамағына алу, экономиканы бағдарлау, аграрльқ реформа, бiлiм беру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерiн реформалау, облыстық автономия енiзу) ұсын­ды. Бұл саясат солшыл центризм деп аталды. Солшыл центризм саясаты, былайша қарағанда түкке турмайтын мәселеге сүрiнiп, өзiн-өзi сарықты. 1972 ж. неке ажырасу туралы заң қабылданды. Католиктiк Италия yшiн бұл аса маңызды мәселе eдi. Миллионнан аса ажырасқан отбасы­лар өздерiнiн мүлiктiк және басқа да маселелерiн шеше алмай қиналыс тапты. Ватиканның қолдауына байланысты ХДП құрамында бұл заңға күштi қарсылық бар болатын.

Бiрақ ажырасу туралы заң солшыл центризм дағда­рысының себебi емес, тек сылтауы ғана eдi. Италия өзiнiн күрделi әлеуметтiк мәселелерiн ең басты солшыл күш - коммуниcтiк партияның қатысуынсыз шеше алмас eдi. Елдегi ұдайы саяси түрақсыздық үкмет дағдарыста­рынан көрiнic тапты. 1948 жылдан бастап 30 жыл iшiнде 40 үкмет кабинетi ауысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет