Италиядaғы 50-90-жж. партиялық-саяси күрес. Басқа жетекшi капиталистiк елдерден айырмасы Италияда соғыстан соңғы онжылдықтарда көппартиялық саяси жүйенiң сақталуы мен өкiлеттi мекемелердiң сәйкестік сайлау жүйесінің негізiнде құрылатындығы болды. Италияның одан басқа да өзгешелiктерiнiң бipi - ол 1947-1948 жж. берi қарай келе жатқан Христиандық.-демократиялық партияның рөлiнiң басымдылығы болып отыр, ол сайлауларда дауыстардың 45-50 %) алып келдi.
Центризм. ХДП пен оның жетекшiсi де Гасперидiң аталған жылдардағы саяси бағытын центризм, яғни оңшыл және солшыл куштер арасында теңдестік сақтау ретiнде сипатталынды. Мүндай бағыттың нәтижесi әлеуметтiк консерватизм мен әлеуметтiк ымыраға барушылық арасындағы ауытқу болды. Нәтижесiнде бұл жылдары қажеттi реформалар жургiзiлмедi.