19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар



бет25/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар.

Соғыстың себебі және сипаты

  1. Ұлы державалар ХХ ғасыр басында

  2. Дүниені қайта бөлісу үшін жүргізілген алғашқы соғыстар

  3. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себебі және барысы.


1. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында халықаралық қатынастар жүйесі күрделене түсті. Халықаралық аренада жаңа аса қуатты күштер пайда болды. Еуропада дүниежүзілік саяси сахнаға біріккен Германия мен Италия шықты. Олардың Англия, Франция және Ресей, Австро-Венгрия және басқа да империалистік мемлекеттермен қақтығысулары қашып құтыла алмайтын мәселеге айналды.

Азияда бірінші рөлден үміткер Жапония болды, бұл оның мүдделерін Ресей, Англия, Германия, Франция және АҚШ мүдделерімен қайшылықтарға соқтығыстырды.

Жанжалдың дәл ортасында Осман империясы мен оның Солтүстік Африкадағы, Таяу Шығыстағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы орасан зор отаршылдық иеліктерін бөлісу мәселесі тұрды.

Халықаралық мәселелердің шиеленісі «байырғы» және жас ұлы мемлекеттердің ауқымды мүдделерінің ерекшеліктерімен анықталды.

Нағыз қатты қақтығыстар мен жанжалдар отар үшін, ықпал аймақтары, теңіз бен құрлықта әскери басымдылық үшін күреспен байланысты болды. Экспансия, территорияларды басып алуға ұмтылыстар ұлттық және геосаяси теориялар және идеялармен анықталды (пангерманизм, панамериканизм, пантюркизм, «Ұлы Азия» туралы жапон идеясы, Британ империясының «ұлылығы» туралы және т.б.)

Әскери күштеулік ойлау, абырой және ықпал туралы мәселелерді күшпен шешу көп жағдайларда дипломаттардың мінез-құлқы мен мемлекеттердің сыртқы саясатын анықтады. Күш қолдану саясаты құпия дипломатиялармен ұштастырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет