Батыс майданындағы 1918 ж. соғыс қимылдары. Батыс майданында соғыс кимылдары жалғаса берді қантөгіс шайқастар позициялык ұрыстармен алмасып тұрды. 1917 ж. сәуірінде француз қолбасшысы Нивель Аррас пен Рейн маңында 100 аса дивизия, артиллерия, танктер, самолеттер қатысқан күшпен күшті шабуыл ұйымдастырды. Ұрысқа үсті-үсті жаңа дивизиялар салынғанымен, бұл шабуыл немістердің шебін бұза алмады. Бұл көп адам құрбан болған сөтсіз шабуылда француздар "нивель қырғыны" деп атады.
Камбр манындағы 1917 ж. қазанында болған шайқаста ағылшындар тұңғыш рет жаппай танк (шамасы 400) шабуылын қолданды. Немістер де соғыс жаңалығын қолданды. Бірінші рет жаяу әскер соғысқа жаңа қару миномет оғының астымен кірісті. Италия әскерлері тағы да сәтсіздікке ұшырады. 1917 ж. қазанындағы итальян әскерлерінің Капоретта түбегіндегі жеңілісі Италияда осы уақытқа дейін италия тарихындағы "жазылмас жара" және орны толмас апат деп есептелінеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері мен жаппай қырып жоюдың құралдары — тез атылған құралдар, пулеметтер, артиллерия, танктер, самолеттер, дирижабльдер, бомбалар, от атқышттар, газдар мен уландырушы заттар қолданылады. Сол себепті соғыс барысындағы құрбандардың саны бірнеше ондаған миллиондап есептелді.
Достарыңызбен бөлісу: |