19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


«Тоғыз мемілекеттің келісімі»



бет48/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

«Тоғыз мемілекеттің келісімі» ұлы мемілекеттердің Қытай жөніндегі саясаттарының түбегейлі өзгергендігін және Версаль бітімі жөніндегі келісімнің белгілі дәрежеде қайта қаралғандығын байқатты. Біріншіден, онда сөз жүзінде болса да, Қытайдың егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу қажет екендігі айтылды. Екіншіден, келісуші жақтар бүкіл Қытай жерінде сауда мен өнеркәсіпті дамытуда «ашық есік» және «тең мүмкіндіктер» принциптерін ұстауға ұйғарысты. Бұл формалды түрде Қытайды «ықпал аймақтарына» бөлу саясатынан бас тарту болды. Ақырында, АҚШ Жапония басып алған Шаньдун аралын Қытайға қайтарып беруді талап етті.

Вашингтонда қол қойылған келісімдер Версаль жүйесіне толықтырулар еді, екеуі бірігіп, Версаль-Вашингтон жүйесін құрады және Еуропада, Азияда, Африка мен Тынық мұхитта соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің шарттарын анықтап, халықаралық қатынастар саласында уақытша тұрақтылық негізін қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет