«Жаңа бағыттың» әлеуметтік реформалары. 1937 ж.президент лауазымына мерзімге отырғанда Рузвельт өзінің сайлау алдында берген уәделерін және қоғамдағы қатынастарды жалпы реформалау жоспарын іске асыруда конгресс пен жоғарғы сот тарапынан қатты қарсылыққа кездесті. Жалпы қорытындыда 30-жж.бірнеше аса маңызды әлеуметтік реформалар қабылданды: еңбек қатынастары туралы заң (Вагнер заңы), әлеуметтік қауыпсыздандыру туралы заң (1935), жұмысқа жалдаудың әділетті шарттары туралы заң. Соңғы заң бойынша балалар еңбегін пайдалануға тыйым салынды, ең төменгі еңбекақы төлемі мен жұмысшылар мен қызметкерлер үшін жұмыс аптасының ең ұзақ мөлшері белгіленді. 1938 ж. дағдарыс үкіметті мемлекеттік құрылыстар мен қоғамдық жұмыстарға бірнеше млрд.доллар бөлуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын көтеруге бағытталған маңызды шаралардың бірі топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі бағдарламалар болды. Бұл 30-жж.орын алған, аса көп зиян келтірген шанды дауылдар мен құрғақшылықтардан ейін дер кезінде қолданылған шара болды. Жұмыссыздықтын сақтандырумен бірге АҚШ-та зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы қабылданды.