Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Шығыс елдері
1. 20-30 жж. Қытай:
а) 20-жж. Ұлттық «ұлы» революция.
ә) Гоминьдандық режимнің нығаюы (1927-1937).
б) Жапониянын Қытайға қарсы басқыншылығы.
2. 20-30 жж. Үндістан:
а) Үндістан соғыстан соң.
ә) М.Ганди және гандизм.
б) Азаматтық ынтымақтастықтан бас тартудың екінші науқаны
1. Соғыс біткеннен кейін Қытайдағы шетел капиталының экспансиясы мен империалистер арасындағы күрес одан сайын қыза түсті.
Әсіресе Жапония, АҚШ және Ұлыбритания мүдделерінің араларындағы қайшылықтар шиеленісе түсті.
Қытайдың империалистік экспансия алдындағы әлсіздігі көп жағдайда оның батыраңқылығына байланысты болды. 1911-1913жж. Революция монархияны құлатқанымен, елді біріктіру мәселесін шешпеді. Республиканың жариялануы тек сөз өміріне ешқанадай әсері болмады. Жеке провинциялар мен аймақтарды ежелден феодалдық-соғысқұмар топтар билеп келген болатын.
Сол себепті Қытай революциясының ең маңызды міндеті милитаризм мен әскери-феодалдық топтарды жою, оның ұлы мемлекеттерден тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оны жаңғырту болды.
Қазанда Сунь Ятсен өзінің революциялық партиясы (Чжунго гоминьдан) деп өзгертті. 1921 ж. Қытай Республикасының президенттігіне Сунь Ятсен Сайланады. Солтүстік милитаристері мен шетел мемлекеттері оңтүстік үкімет пен Сунь Ятсеннің сайлануын танудан бас тартты.
Өзінің «Қытайды құтқару» Жоспарларын шетел көмегінсіз іске асыра алмайтындығын Сунь Ятсен жақсы түсінді. Бірақ капиталистік елдердің тарапынан қолдау таппаған соң, ол Кеңестік Ресейден материалдық және әскери көмек сұрады. Марксизм мен тап күресін мойындамайтын Сунь Ятсен Кеңестік Ресейдің күрес тәжірибесінен ең алдымен революциялық партия біріктірген күшті мемлекеттік биік механнизмін, басшылықты қамтамасыз ету туралы және революцияшыл армияға арқа сүйеү туралы түсінікке келді. Әскери-саяси келіссөздер жүргізү үшін ол Мәскеуге генерал Чан Кайши бастаған делегация Аттандырды.
1923 ж. Сунь Ятсен Гоминьданды қайта құруға кірісті, Кеңестік Ресейді көмек беруге ынталандыру мақсатымен Қытай коммунистік партиясын ынтымақтастыққа татты.
Коммунистер Коминтерннің Ңусқауы бойнша бірлесіп қимыл жасауға келісім берді. Сөйтіп, солтүстік милитаристері мен империалистерге қарсы күрескен әртүрлі солшыл күштердін басын біріктірген біртүтас майдан құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |