Сабақтың тақырыбы: ҚХР. Моңғолия Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі26,8 Kb.
#25379
түріСабақ
9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: ҚХР. Моңғолия

Сабақтың мақсаты:

А. Қытайдың 1918-1939 жылдар аралығындағы ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, 1919, 1925-1927 жылдардағы революциялық қозғалыстың жалпыхалықтық антиимпериялистік сипатын ашып көрсету. 1927-1937 жылдары азамат соғысына ұласқан Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес туралы түсінік беріп, оқушылардың назарын Қытайдағы Кеңестік қозғалысқа аудару.

В. 1937-1945 жылдары Жапон басқыншыларына қарсы күресу үшін біртұтас ұлттық майданның құрылғанын айтып, оның міндеттерімен таныстыру.

С. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолына сипаттама беріп, 1924-1940 жылдардағы реформалардың мәнін ашып көрсету.



Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: СТО стратегиясы

Көрнекілік: карталар

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Жапония» дегенде не айтқымыз келеді?

  • Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.

  • Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы.

      2. Саяси партиялар және саяси күрес

      3. Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция

      4. Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес.

      5. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси экономикалық жолдары.

      6. Моңғолиядағы 1924-1940 жж. экономикалық реформалар

Негізгі оқиғалар:



  • 1919 жылғы 4 мамырда Қытайдағы антиимпериялистік қозғалыс болды.

  • 1921 жылғы сәуірде Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып жарияланды.

  • 1925 жылғы 30 мамырда Ұлттық рефолюция басталды.

  • 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорығы

  • 1931 жылғы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды.

  • 1937 жылы Біртұтас антижапондық майдан құрылды.

  • 1937 жылы тамызда КСРО-Қытай арасындағы шартқа қол қойылды.

  • 1921 жылы Моңғолия Халық партиясы құрылды.

  • 1924 жылы МХР жарияланды.

Сабақты бекіту:

  • 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?

  • МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?

  • КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?

  • Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?

  • Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер

  • 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.

  • Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: КСРО-ның Қытайдың және Моңғолияның ісіне араласуына баға беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет