Жапондаға қарсы біртұтас ұлттық майданның құрылуы.
1935 ж. бастап Чан Кайши Кеңес Одағымен жапон шапқыншылығын тойтаруға көмек көрсету жөнінде келіссоздер жүргізе бастады.Коминтерн өз тарапынан VII конгрестен соң тактикасын өзгертіп, ҚКП саяси бағатының өзгеруіне және гоминьданның қатысумен жапондарға қарсы біртүтас ұлттық майдан құру шешімніңқабылдануына жәрдемдесті.1937 ж. Сәуір-маусым айларында ҚКП мен гоминьдан арасындағы келіссөздер барысындагоминьдан әскерлерінің ҚКП қарулы күштеріне қарсы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегікелісімге қол жетті. Гоминьдан мен компартияның жапон қыншылығына қарсы күрестің жалпы мудделерінің негізіндегі ынтымақтастығының бағдарламасы ретінде 20-жж.-дай Сунь Ятсеннің үш халықтық принципі қабылданды. Сөтіп, 1937 ж. жазына жапондарға қарсы біртүтас ұлттық майданның негізі қаланды. 1937 ж. 22 тамызында Чан Кайши үкімет Қызыл армияны Қытайдың ұлттық-революциялық армиясының 8-армиясы деп қайта атау туралы бұйрық шығарды.
Жазда Екінші дүниежүзілік соғыстың қүрамдас бөлігі ретінде 1937- 1945 жылдардағы жапон-қытай соғысы басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |